Евразия24ЖаңалықтарҚазақстанда 2025 жылы тұтынушылық кредиттеу екі есеге баяулады

Қазақстанда 2025 жылы тұтынушылық кредиттеу екі есеге баяулады

|

|

Астана. 15 қаңтар. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстанда 2025 жылы тұтынушылық кредиттеу 2024 жылмен салыстырғанда екі есеге баяулады. Бұл туралы Мемлекет басшысына Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (ҚНРДА) төрағасы Мадина Әбілқасымова баяндады.

Президенттің баспасөз қызметі бейсенбі күні таратқан хабарламада: «Тұтынушылық кредиттеу 2024 жылмен салыстырғанда екі есе баяулады. Мерзімі өткен берешегі бар жағдайда 5 жылдан асатын мерзімге қарыз беруге тыйым салынды, 3 жылдан 5 жылға дейінгі мерзімге берілетін және тәуекелі жоғары қарыздарды ұсыну шектелді, сондай-ақ қарыз алушының жиынтық қарызының табысқа қатынасының жаңа коэффициенті енгізілді», – делінген.

Әбілқасымованың айтуынша, халықтың шамадан тыс қарыздануын азайту мақсатында банктер мен микроқаржы ұйымдары 703 мың қарыз алушының несиелерін реттеп, ішінара кешірген. Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заңның қолданылу кезеңінде банктер 56 мың азаматтың 209,7 млрд теңге көлеміндегі берешегін кешірген.

2025 жылдың қарашадағы жағдай бойынша бизнеске берілген кредиттер 17,9%-ға өсіп, 14,8 трлн теңгеге жетті. Кәсіпкерлік субъектілеріне жаңа кредиттер ретінде 17,5 трлн теңге бөлінді. Банктер жалпы құны 2,3 трлн теңгені құрайтын сегіз синдикатталған жобаны бірлесіп қаржыландырып отыр.

Сонымен қатар шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында 2025 жылы маусымда «Даму» қорының базасында шағын және орта бизнес кредиттеріне арналған Кепілдік қоры құрылды. Осы тетік аясында 505 млрд теңге сомасына кредиттер бойынша кепілдіктер берілді.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге, экономиканың нақты секторын кредиттеуді ұлғайтуға және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған бірқатар тапсырма жүктеді.

Бұған дейін жарияланған ҚНРДА деректеріне сәйкес, 2025 жылдың 11 айында халыққа берілген жаңа қарыздардың өсім қарқыны бәсеңдеген. Аталған кезеңде бұл көрсеткіш 17,8 трлн теңгені құрап, 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 9,6%-ға артқан. Ал 2024 жылдың қаңтар–қараша айларында халыққа 16,2 трлн теңге көлемінде жаңа кредит берілген, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22,1%-ға көп.

15 қаңтарға арналған ресми айырбас бағамы – 510,43 теңге / 1 АҚШ доллары.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев әлеуметтік саладағы заңсыздықтарға, әсіресе мүгедектік рәсімдеуге назар аударды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елде мүгедектігі бар азаматтар санының өсуіне назар аударып, әлеуметтік салада жеңілдіктерді негізсіз пайдалану жағдайлары бар екенін айтты.

Пәкістан Иранмен энергия тасымалы мен кеме қатынасы мәселесін талқылады

Пәкістан Премьер-министрінің орынбасары, Сыртқы істер министрі Исхак Дар Иран Сыртқы істер министрі Аббас Аракчимен телефон арқылы сөйлесіп, энергия ресурстарын жеткізу мен теңіз арқылы жүк тасымалына кедергі келтірмеу қажеттігін айтты. Бұл туралы Dawn басылымы Пәкістан СІМ мәлімдемесіне сүйеніп хабарлады.

Оңтүстік Корея Таяу Шығыста АҚШ-пен ынтымақтасудың жолдарын қарастырып жатыр

Оңтүстік Корея Таяу Шығыстағы қауіпсіздік мәселелері бойынша АҚШ-пен ынтымақтастықты жалғастыруға дайын, алайда өңірге әскер жіберуді жоспарлап отырған жоқ. Бұл туралы сенбі күні «Рёнхап» агенттігі Оңтүстік Корея президенті әкімшілігінің өкіліне сілтеме жасап хабарлады.

Гренландияда АҚШ-тың 150-ге жуық әскери қызметкері бар

Қазір Гренландияда тұрақты орналасқан АҚШ әскери контингентінің құрамында шамамен 150 әскери қызметкер бар. Бұл Пентагон деректерінде көрсетілген.