Евразия24ЖаңалықтарМасуд Пезешкиан: Парсы шығанағы қауіпсіздігін тек жағалаудағы елдер қамтамасыз етуі тиіс

Масуд Пезешкиан: Парсы шығанағы қауіпсіздігін тек жағалаудағы елдер қамтамасыз етуі тиіс

|

|

Дубай. 30 сәуір. ИНТЕРФАКС – Парсы шығанағының қауіпсіздігі қандай да бір бір елдің еркіне тәуелді болмауы керек, оны жағалаудағы мемлекеттердің өзара ынтымақтастығы арқылы қамтамасыз ету қажет, деп мәлімдеді Иран президенті Масуд Пезешкиан.

«Парсы шығанағы – біржақты сыртқы ықпал таңылатын алаң емес. Бұл стратегиялық кеңістіктің қауіпсіздігі тек жағалаудағы елдердің ынтымақтастығы негізінде қамтамасыз етіледі», – деп келтіреді Tasnim News Agency президенттің Парсы шығанағының ұлттық күніне орай жолдаған үндеуін.

Пезешкианның айтуынша, Парсы шығанағындағы кез келген тұрақсыздық үшін жауапкершілік АҚШ пен Израильға жүктеледі.

«Теңіз блокадасын орнату және теңіз қатынасына шектеу енгізу әрекеттері халықаралық құқыққа қайшы келеді, өңір халықтарының мүдделеріне, сондай-ақ жаһандық бейбітшілік пен тұрақтылыққа қарсы бағытталған және сәтсіздікке ұшырайды», – деп атап өтті ол.

АҚШ әскери-теңіз күштері 13 сәуірден бастап Иран порттарына теңіз блокадасын енгізді. Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп бұл шараның тиімді екенін айтып, Иранның ядролық бағдарламасы бойынша келісімге қол жеткізілгенге дейін оны алып тастау ниеті жоқ екенін мәлімдеген.

Сонымен қатар The Wall Street Journal басылымы АҚШ Мемлекеттік департаментінің жеделхатына сілтеме жасап, Вашингтон басқа елдерге Ормуз бұғазы арқылы кемелердің еркін өтуін қалпына келтіру үшін жаңа халықаралық коалицияға қосылуды ұсынғанын хабарлады. Жоба АҚШ Мемлекеттік департаменті мен Орталық қолбасшылықтың бірлесуімен іске асырылмақ және Франция мен Ұлыбритания бастамашы болған өңірдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын толықтырады.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Еуропаның қор индекстері төмендеп жатыр

АҚШ-тың Ирандағы Кешм аралына шабуыл жасағаны туралы хабарлардан кейін мұнай бағасы көтеріліп, сейсенбі күні Батыс Еуропаның ірі елдеріндегі акциялар нарығы төмендеді.

Еурокомиссия басшысы экологиялық таза экономикаға көшуді Еуропа тәуелсіздігінің кепілі деп санайды

Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен Еуроодақтың экологиялық таза экономикаға көшу бағытынан айнымайтынын мәлімдеді. Оның пікірінше, бұл – Еуропа тәуелсіздігінің кепілі.

Финляндиядан кейін Норвегия да Ресей хоккейшілерімен ойнаудан бас тартты

Норвегия хоккей қауымдастығы ұлттық құрамасының 2027 жылғы мамырда Германияда өтетін әлем чемпионатында Ресей құрамасымен ойнамайтынын мәлімдеді. Бұл туралы сейсенбі күні еуропалық БАҚ хабарлады.

«Қазатомөнеркәсіп» басшысы Тоқаевқа компанияның жұмыс нәтижелері мен жоспарлары туралы баяндады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповтың компанияның ағымдағы қызметі мен стратегиялық басымдықтарының іске асырылуы жөніндегі есебін тыңдады.