Евразия24ЖаңалықтарИзраиль әскерилері Ливанның оңтүстігіндегі «Хезболланың» 40 нысанына соққы берді

Израиль әскерилері Ливанның оңтүстігіндегі «Хезболланың» 40 нысанына соққы берді

|

|

Иерусалим. 1 мамыр. ИНТЕРФАКС – Израиль Қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) өткен тәулікте Ливанның оңтүстігіндегі «Хезболла» қозғалысына тиесілі 40 нысанаға шабуыл жасағанын мәлімдеді.

«Өткен тәулікте ЦАХАЛ Ливанның оңтүстігіндегі түрлі аудандарда «Хезболланың» 40-тан астам инфрақұрылымдық нысанына соққы беріп, көзін жойды. Соққы жасалған нысандардың арасында содырлар орналасқан командалық орталықтар, әскери ғимараттар мен қосымша нысандар бар», — делінген ЦАХАЛ-дың телеграм-арнасындағы хабарламада.

Сондай-ақ, ЦАХАЛ Ливаннан Израиль аумағына өтпек болған күдікті үш әуе нысанының жолы кесілгенін, кейінірек тағы бір ұшқышсыз ұшу аппаратының (ҰҰА) атып түсірілгенін хабарлады. Бұдан бөлек, Израильдің әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері Ливанның оңтүстігіндегі Израиль әскерилері әрекет етіп жатқан аймақтағы әуе нысанына шабуыл жасады.

Сонымен қатар, ливандық БАҚ-тың мәліметінше, Израильдің әуе соққысы Набатия әл-Фаука қаласында екі адамның қаза табуына әкеп соқты. Израиль әскерилері Тайри және Харис ауылдары маңында рейдтер мен артиллериялық атқылауды жалғастырды.

Жұма күні Ливан премьер-министрі Наваф Салам үкімет елдің бүкіл аумағында өз билігін қалпына келтіру және Ливанның қақтығыстан зардап шеккен аудандарын қайта жаңғырту бағытындағы жұмысты жалғастыратынына уәде берді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Үстел теннисінен 2027 жылғы әлем чемпионаты Астанада өтеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) президенті Петра Сёрлингті қабылдады. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Канада Украинаға арналған 90 млрд еуролық несие бағдарламасына қосылуы мүмкін

Канада Украинаға 90 млрд еуро көлемінде несие беруге арналған бағдарламаға қатысуға ниет білдірді. Қазір бұл мәселе Еурокомиссиямен талқыланып жатыр. Бұл туралы Еурокомиссия өкілі Балаш Уйвари мәлімдеді.

Доллар иенаға қатысты айтарлықтай нығайды

Жұма күні АҚШ доллары иенаға шаққанда айтарлықтай қымбаттап, еуро мен фунтқа қатысты аздап нығайды.

Венесуэланың 4 млрд долларлық алтыны Лондоннан Нью-Йоркке көшірілуі мүмкін

АҚШ-тың арағайындығымен келіссөз жүргізіп жатқан Венесуэланың уақытша үкіметі мен оппозициясы елдің 31 тонна алтын қорын Лондоннан Нью-Йоркке көшіру жөнінде уағдаласуға жақын. Алтынның жалпы құны шамамен 4 млрд доллар. Бұл туралы Financial Times (FT) дереккөздеріне сүйеніп жазды.