Евразия24ЖаңалықтарИран АҚШ-пен жасалған отты тоқтату туралы келісімді 10 рет бұзды

Иран АҚШ-пен жасалған отты тоқтату туралы келісімді 10 рет бұзды

|

|

Вашингтон. 5 мамыр. ИНТЕРФАКС – Иран отты тоқтату туралы келісімге қол қойылған сәттен бастап американдық әскерлерге 10-нан астам рет шабуыл жасады. Бұл туралы сейсенбі күні өткен баспасөз мәслихатында АҚШ Қарулы Күштері Штаб бастықтары біріккен комитетінің (ШББК) төрағасы, генерал Дэн Кейн мәлімдеді.

«8 сәуірде отты тоқтату туралы келісім жасалғаннан бері Иран сауда кемелеріне тоғыз рет оқ жаудырып, екі контейнер тасығыш кемені басып алды және американдық әскерлерге 10 рет шабуыл жасады», — деді генерал.

Сонымен қатар ол бұл әрекеттердің әзірге ауқымды әскери қимылдардың қайта басталу шегінен төмен екенін атап өтті.

Генерал Иранның соңғы жеті апта ішінде әлемдік экономикаға соққы беру мақсатында коммерциялық кемелерге бірнеше рет қауіп төндіріп, шабуыл жасағанын қадап айтты. «Иран жаһандық жеткізілім тізбегін қару ретінде қолданып, бүкіл әлемдік экономиканы «тұтқынға алуға» әрекеттеніп отыр», — деп толықтырды ол.

Дэн Кейннің хабарлауынша, дүйсенбі күні Парсы шығанағында бөгеліп қалған сауда кемелерінің Ормуз бұғазы арқылы шығуын қамтамасыз етуге бағытталған «Бостандық» (Свобода) миссиясының алғашқы күнінде американдық кемелерге жасалған шабуылдар сәтті тойтарылды. Зымырандар, ұшқышсыз ұшу аппараттары және жүрдек катерлер қолданылған шабуылдарға американдық тікұшақтар қарсы тұрған.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта Парсы шығанағында бұғаз арқылы өте алмай тұрған 1550 сауда кемесінде 22,5 мың теңізші бөгеліп қалған.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан екінші АЭС құрылысы жөнінде Қытаймен келіссөз жүргізіп жатыр – Энергетика министрі

Қазақстан Қытайдың ұлттық атом компаниясымен елдегі екінші атом электр станциясын салу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады.

Путин Ресейдің өзге елдермен ынтымақтасуға мүдделі екенін, ешкімге қоқан-лоқы көрсетпейтінін айтты

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей өзге елдерге бұрын да қоқан-лоқы көрсетпеген, қазір де көрсетіп отырған жоқ. Ол елінің басқа мемлекеттермен ынтымақ орнатуға мүдделі екенін айтты.

Литва мен Германия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Литва қорғаныс министрі Робертас Каунас пен Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Берлинде қорғаныс саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

АҚШ-тағы сайлау нәтижесі Вашингтон мен Брюссельдің қарым-қатынасын өзгерте ме?

АҚШ-тағы аралық сайлауда Республикалық партияның жеңілуі Вашингтон мен Еуроодақ арасындағы қатынас өздігінен жақсарады деген сөз емес. Бұл туралы сәрсенбі күні Bloomberg агенттігі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.