Евразия24UncategorizedRespublica партиясы Құрылтай сайлауына үміткерлер тізімін ОСК-ға ұсынды

Respublica партиясы Құрылтай сайлауына үміткерлер тізімін ОСК-ға ұсынды

|

|

Астана. 7 шілде. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Respublica партиясы Құрылтай депутаттығына үміткерлердің партиялық тізімін Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясына (ОСК) тапсырды. Бұл туралы партияның баспасөз қызметі хабарлады.

«Құжаттарды Орталық сайлау комиссиясына партия төрағасының орынбасары – Орталық аппараттың жетекшісі Жанат Ысқақов пен оның әріптестері тапсырды. Құжаттарды ОСК аппаратының басшысы Әлия Ғалымова бастаған комиссия қабылдады. Құжаттардың толықтығы тексерілгеннен кейін ол Respublica партиясы өкілдерін партиялық тізімнің ресми ұсынылуымен құттықтады», – делінген сейсенбі күні таратылған хабарламада.

Партиялық тізімге 76 үміткер енгізілген. Олардың орташа жасы – 41 жас. Ең жасы – 27-де, ал ең үлкені – 55 жаста. Тізімнің басым бөлігін кәсіпкерлер құрайды. Сонымен қатар оған мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордың, білім беру, агроөнеркәсіп кешенінің, мәдениет, спорт, медиа және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері енген.

Қазақстанда Құрылтай сайлауы 23 тамызға белгіленген. Заң шығару өкілеттігін жүзеге асыратын жоғары өкілді орган – Құрылтай алғаш рет сайланбақ. Бұған дейін елде Мәжіліс пен Сенаттан тұратын қос палаталы Парламент жұмыс істеді.

Құрылтай 145 депутаттан құралады. Олар бірыңғай жалпыұлттық сайлау округі бойынша пропорционалды жүйемен, яғни партиялық тізімдер негізінде сайланады. Депутаттар жалпыға бірдей, тең және тікелей сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге сайланады. Құрылтайдан орын алу үшін саяси партиялар бірыңғай жалпыұлттық сайлау округі бойынша берілген дауыстың кемінде 5 пайызын жинауы тиіс.

Қазіргі уақытта Қазақстанда жеті саяси партия тіркелген. Олар: «Әділет» партиясы (оған маусым айының ортасында қайта ұйымдастыру арқылы биліктегі Amanat партиясы қосылған), «Ақ жол» демократиялық партиясы, Қазақстанның халық партиясы, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия, «Байтақ» жасылдар партиясы және Respublica партиясы. Бұрынғы қос палаталы Парламентте алты саяси партияның өкілдігі болған.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстанда 300 мыңға жуық кәсіпорын жабылуы мүмкін

«Өткен жылы жаңа Салық кодексі талқыланған кезде 300 мыңға дейін кәсіпорын мен жеке кәсіпкер жұмысын тоқтатуы мүмкін деп болжаған едім.

Агрессияның артуына не себеп?

Алматыда 20 тамыз күні №33 бағыттағы автобуста болған жанжал жолаушылар үшін қауіпті жағдайға ұласа жаздады. Екі ер адам арасындағы сөзге келіспеушілік төбелеске ұласқан.

Таң атқанда олар оянды…

Сонымен, Құрылтай сайлауы аяқталды. Ендігі кезекте Үкімет жасақталып, вице-президент пен Халық Кеңесі құрылады. Осымен мемлекеттік билік жүйесін Конституцияға сәйкес қайта құру үдерісі негізінен аяқталмақ. Алда тағы бір кезектен тыс сайлау өтуі де ғажап емес. Бірақ оның болу-болмауы әлемдегі геосаяси ахуалдың қалай өрбитініне және жаңа Үкіметтің жұмысы қаншалықты нәтижелі болатынына байланысты. Сондықтан енді сыртқы факторларды емес, Қазақстан экономикасының өз ішінде қордаланған мәселелерге назар аударайық.

Жасанды интеллект қылмысты әшкерелеуге мүмкіндік береді

«Алматыда Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топтың «Болашақтағы тәуекелдер мен қатерлер» тақырыбындағы форумы өтті.