Евразия24ЖаңалықтарГермания мен Ұлыбритания 2034 жылға қарай ұшу қашықтығы 2 мың шақырым болатын...

Германия мен Ұлыбритания 2034 жылға қарай ұшу қашықтығы 2 мың шақырым болатын қанатты зымыран әзірлеуді жоспарлап отыр

|

|

Берлин. 21 шілде. ИНТЕРФАКС – Германия мен Ұлыбритания қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейту аясында 2034 жылға дейін нысаналарды 2 мың шақырым қашықтықтан жоя алатын қанатты зымыран әзірлеуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Welt басылымы дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады.

Басылым мәліметінше, Deep Precision Strike (DPS) («Терең дәл соққы») атты құпия бағдарлама Германия мен Ұлыбритания арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастықтың негізгі жобасы саналады.

«2034 жылға қарай тараптар ұшу қашықтығы 2 мың шақырымға жететін жаңа зымыранды әзірлеуді көздеп отыр», – деп жазады Welt.

Басылымның хабарлағандай, Ұлыбритания бұл бағдарламаны Анкарада өткен НАТО саммитінде таныстырған. Жобаға жалпы 12 мемлекет қатысады, ал Германия негізгі рөлдердің бірін атқарады. Бағдарламаның болжамды құны 35 млрд еуроны құрайды.

Ақпаратқа сәйкес, сынақтан зымыранның екі нұсқасы өткізіледі. Оның бірі әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерін айналып өту үшін төмен биіктікте ұшуға арналған болса, екіншісі дыбыс жылдамдығынан бес есе жоғары жылдамдықпен ұшатын гипердыбыстық нұсқа болады.

Welt басылымының бағалауынша, DPS жобасы Еуропаның әскери салада АҚШ-қа тәуелділігін біртіндеп азайтуға бағытталған саясаттың символына айналуы мүмкін. Дегенмен қазіргі таңда Еуропа елдерінің алыс қашықтықтағы нысаналарға соққы жасауға арналған мүмкіндіктері шектеулі екені атап өтіледі.

Қазір Германия мен Ұлыбритания артиллериялық жүйелерді, танк зеңбіректерін, атыс қаруын және суасты дрондарын өндіру бағытында бірлесіп жұмыс істеп келеді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Жапония мен Оңтүстік Кореяның қор нарықтары өсті, Қытайда акциялар арзандады

Сәрсенбі күні Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі қор нарықтарында сауда әркелкі нәтижемен аяқталды.

Трамп Ресей америкалық Хаббардты босату үшін ешқандай шарт қоймағанын мәлімдеді

АҚШ президенті Дональд Трамп сәрсенбі күні Ресей билігі америкалық Стивен Хаббардты түрмеден босату үшін Вашингтоннан ештеңе талап етпегенін мәлімдеді. Қазір Хаббард еліне қайтып бара жатыр.

Протекционизм Еуроодақта автокөлік өндірісінің қымбаттауына әкеледі

Еуропалық одақтың отандық автомобиль өнеркәсібін қорғауға бағытталған шаралары көлік өндірісінің өзіндік құнын арттырып, әлемдік жеткізу тізбектерінің қалыптасқан жүйесіне кері әсер етуі мүмкін.

Макрон Франциядағы наразылықтарға шетелдік күштердің араласқанын растайтын белгілер жоқ екенін мәлімдеді

Франция президенті Эмманюэль Макрон өткен демалыс күндері ел аумағында болған наразылық акцияларына шетелдік күштер тікелей араласпаған деп есептейді.