Евразия24ЖаңалықтарМакрон Франциядағы наразылықтарға шетелдік күштердің араласқанын растайтын белгілер жоқ екенін мәлімдеді

Макрон Франциядағы наразылықтарға шетелдік күштердің араласқанын растайтын белгілер жоқ екенін мәлімдеді

|

|

Париж. 21 қазан. ИНТЕРФАКС – Франция президенті Эмманюэль Макрон өткен демалыс күндері ел аумағында болған наразылық акцияларына шетелдік күштер тікелей араласпаған деп есептейді.

«Менің ойымша, болған оқиғаларға шетелдік күштердің араласқанын көрсететін айқын белгілер жоқ», – деді Макрон сәрсенбі күні Дохада журналистерге.

Оның айтуынша, наразылықтар аяқталғаннан кейін шетелден ақпараттық манипуляциялар жасалған. Франция президенті соның салдарынан көптеген адамның, соның ішінде мемлекет басшыларының да «ақылға қонымсыз әрі орынсыз пікірлер» айтқанын жеткізді. Ол интернетте жасанды интеллект көмегімен жасалған көптеген сурет таралғанын да атап өтті.

Макрон Францияны мигранттар мен исламистер басып алды деген мәлімдемелерді үзілді-кесілді жоққа шығарды.

«Кейбір адамдардың Францияны мигранттар мен исламистер қаптап кетті деген сөзі – барып тұрған өтірік», – деді ол.

Журналистердің бірі бұл сөзінің АҚШ президенті Дональд Трампқа қатысы бар-жоғын сұрағанда, Макрон: «Соның ішінде», – деп жауап берді.

Бұған дейін Трамп Франциядағы жаппай тәртіпсіздіктерге байланысты ел билігін иммиграцияны қысқарту шараларын қабылдауға шақырып, шекараны жабуға кеңес берген болатын. Ол бақылаусыз көші-қон салдарынан Париж жақын арада мұсылмандар басым қалаға айналуы мүмкін деген пікір білдірді.

«Ол жаққа әлемнің түкпір-түкпірінен адамдар келіп жатыр. Соның нәтижесінде, өздеріңіз білетіндей, Париж көп ұзамай мұсылман қаласына айналады», – деді АҚШ президенті.

Өткен демалыс күндері Парижде және Францияның өзге де ірі қалаларында наразылық акциялары өтті. Ұйымдастырушылар олардың мақсаты бағаның өсуі мен білім беру саласындағы мәселелерге биліктің көңілін аудару екенін мәлімдеген.

Алайда шеруге қатысушылардың едәуір бөлігі дүкендерді тонап, полициямен әдейі қақтығысқа барған.

Батыс бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, тәртіпсіздікке қатысқандардың арасында иммигранттар мен олардың балалары және немерелері көп болған.

Кейбір еуропалық саясаткерлер мен сарапшылар бұл оқиғаларды Францияның кейінгі ондаған жыл ішінде шетелден қоныс аударған отбасылардан шыққан миллиондаған азаматты қоғамға толық бейімдей алмағанының белгісі деп бағалайды. Олардың пікірінше, ел билігі осы азаматтардың француз қоғамына етене араласуына және Францияға тән дәстүрлі құндылықтарды қабылдауына жеткілікті жағдай жасай алмаған.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

ҰҚК 45 млрд теңгенің мұнай өнімдерін заңсыз экспорттаған қылмыстық топтың әрекетін тоқтатты

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) құны 45 млрд теңге болатын 160 мың тоннадан астам мұнай өнімін шетелге заңсыз шығарған ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекетін тоқтатты. Бұл туралы сәрсенбі күні ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Күннің ерте суытуы Еуроодақтағы жерасты газ қоймаларын толтыруды тежеді

Еуропада ауа райының әдеттегіден ерте суытуына байланысты жылу өндіруге жұмсалатын газ көлемі артты. Соның салдарынан алдағы қысқа дайындық үшін жерасты қоймаларына айдалуға тиіс газдың едәуір бөлігі қазірдің өзінде тұтынылып жатыр. Ауа райының соңғы болжамына сәйкес, осы аптада орташа температура климаттық нормадан 2 градус Цельсийге төмен болады.

Технологиялық компаниялар акцияларының қымбаттауы Жапония мен Оңтүстік Корея қор нарықтарына серпін берді

Сәрсенбі күні Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі қор индекстері әртүрлі бағытта өзгеріп жатыр.

Маск SpaceX пен Tesla компанияларын біріктіруді тиімді шешім деп санайды

SpaceX пен Tesla (SPB: TSLA) компанияларын біріктіру көптеген артықшылық әкелуі мүмкін. Бұл туралы екі компанияның да бас атқарушы директоры Илон Маск SpaceX-тің тоқсандық қаржылық нәтижелеріне арналған конференцияда мәлімдеді.