Евразия24Не болдыЭкс-депутат Базарбекке қатысты жол апаты бойынша тергеу жүріп жатыр

Экс-депутат Базарбекке қатысты жол апаты бойынша тергеу жүріп жатыр

|

|

Қазақстандық заңгер, VIII шақырылымдағы Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек адам қағу дерегі бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында тергеліп жатыр.

Бұл жол-көлік оқиғасының басты салдары – зардап шеккен адамның ауыр жағдайда жансақтау бөліміне түсуі.

Оқиғадан кейін Бақытжан Базарбек қоғамнан бой тасалаған жоқ. Алғашқы күннен-ақ әлеуметтік желі арқылы мән-жайды ашық айтып, зардап шеккен азаматтың денсаулығы туралы жұртшылыққа тұрақты түрде хабарлап келеді. Сондай-ақ оған және отбасына қандай көмек көрсетіліп жатқаны жөнінде ақпарат бөлісуде.

Бақытжан Базарбектің Facebook парақшасында жарияланған видеода  зардап шеккен азаматтың жақындары оның қазіргі жағдайы қанағаттанарлық екенін айтып, емделуіне және отбасына қажетті қолдау көрсетіліп жатқанын жеткізді.

«Нұржігітке (зардап шеккен азамат – Авт.) бірқатар дәрігер мен маман келіп, қажетті медициналық көмек көрсетіп жатыр. Олардың қатарында реаниматологтар мен травматологтар бар. Дәрі-дәрмекпен үздіксіз қамтамасыз етілуде. Денсаулық сақтау министрлігімен байланыстамыз, дәрігерлер консилиумы өткізіліп тұрады. Соның нәтижесінде оның жағдайында аз да болса оң өзгеріс байқалады», – деп Informburo Базарбектің сөзін жариялады .

Бұрынғы Мәжіліс депутаты зардап шеккен азаматты алдағы уақытта да қолдап, оның сауығып кетуіне қажетті медициналық көмектің толық көрсетілуіне жеке атсалысатынын мәлімдеді. Өзгенің басына түскен жағдайға жауапкершілікпен қараудың бір көрінісі осы.

Алайда Қазақстанда ауыр жол апатынан кейін жүргізушілердің оқиға орнын тастап, зардап шеккендерге көмек көрсетпей кеткен жағдайлар да болған. Олардың арасында қоғамға танымал немесе ықпалды адамдармен байланысы бар тұлғалар да кездескен. Соның ең белгілі мысалдарының бірі – Мақсат Үсеновке қатысты оқиға . 2013 жылы ол алты жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан кетіп қалған. Апат салдарынан зардап шеккендердің бірі қаза тапты. Кейін тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық іс тоқтатылды.

Сондықтан Бақытжан Базарбекке қатысты жағдайда тергеу мен сот әлі анықтайтын жол-көлік оқиғасының мән-жайымен қатар, одан кейінгі әрекет те назар аудартады. Мұндай жағдайда қоғамнан оқшауланып, көпшілік алдына шықпай, зардап шеккен адамның отбасын қиындықпен жалғыз қалдыруға да болады. Немесе тергеудің аяқталуын күтпей-ақ, зардап шеккен азаматтың денсаулығын бірінші кезекке қойып, ем алуына қажетті жағдай жасап, оқиғаның барысы туралы ашық ақпарат беруге болады.

Әрине, мұның бәрі кінә дәлелденген жағдайда заң алдында жауап беру міндетін жоққа шығармайды. Дегенмен өзгенің басына түскен ауыр жағдайға бейжай қарамау мен адамгершілік танытудың айырмасы осындай сәтте көрінетін шығар. Ал оқиғаның құқықтық бағасын тергеу органдары мен іс сотқа жеткен жағдайда сот береді.

 

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев ауыл шаруашылығын қолжетімді шарттармен несиелеуге банктерді кеңінен тарту қажет деп санайды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен Ауыл шаруашылығы министрлігіне екінші деңгейлі банктердің аграрлық саланы қолжетімді шарттармен несиелеуге қатысуын кеңейту мәселесін шешуді тапсырды.

Қазақстан жасанды интеллектінің көмегімен әлемдік деңгейдегі азық-түлік өндіруші елге айналуы мүмкін – Тоқаев

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, ауыл шаруашылығына жасанды интеллект технологияларын енгізу саланың дамуына тың серпін беріп, еліміздің әлемдік деңгейдегі ірі азық-түлік өндіруші елге айналуына жол ашуы мүмкін.

Тоқаев бюджет қаражатын үнемдеу үшін аграрлық саладағы бағдарламаларды оңтайландыруды тапсырды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында Үкіметке аграрлық саладағы бағдарламаларды жан-жақты талдауды тапсырды.

Қазақстанда жеңіл өнеркәсіпке салық жеңілдіктерін беру және проблемалық қарызы кешірілген азаматтарды жеке табыс салығынан босату жөніндегі өзгерістер мақұлданды

Қазақстанда Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсенің 30-шы отырысында салық заңнамасына қатысты екі түзету мақұлданды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.