Евразия24Үздік бестікке енген ақпараттарҚазақстан энергия тұтыну деңгейі жоғары елдер қатарында

Қазақстан энергия тұтыну деңгейі жоғары елдер қатарында

|

|

Экономист Анель Дәулетқалиева авторлық арнасында былай деп жазады: «Қазақстан жан басына шаққандағы энергия тұтыну көлемі бойынша әлем елдері арасында 22-орында тұр. Бұл көрсеткішке елдің климаттық жағдайы, өнеркәсіп құрылымы, көлік саласының қажеттілігі және жалпы экономиканың ерекшеліктері әсер етеді. Жалпы энергиямен қамту көрсеткіші экономикаға түсетін барлық энергия көлемін қамтиды. Оған өнеркәсіпте, электр энергиясын өндіруде және көлік саласында пайдаланылатын отын да кіреді. Есептеу кезінде энергияны түрлендіру барысында болатын шығындар шегерілмейді. Сондықтан бұл көрсеткіш жекелеген азаматтың немесе үй шаруашылығының қанша энергия тұтынатынын емес, тұтас экономикадағы энергия көлемін сипаттайды. Өлшем бірлігі – гигаджоуль. (…) Алғашқы 40 елдің қатарына Африка мен Оңтүстік Америкадан бірде-бір мемлекет енбеген. Рейтинг толығымен Еуропа, Азия, Солтүстік Америка және Океания елдерінен құралған».

Еуразия24 пікірі:

Энергияны жан басына шаққанда ең көп тұтынатын бес ел – Исландия, Катар, Сингапур, БАӘ және Кувейт. Ресей рейтингте 12-орында, Түрікменстан – 14, Қазақстан – 22, Беларусь – 31, Қытай 36-орында.

Алайда жан басына шаққандағы энергия тұтынудың жоғары болуы аталған елдерде электр қуаты шамадан тыс жұмсалады дегенді білдірмейді. Бұл көрсеткіш халықтың тұрмыстық тұтынуын емес, бүкіл экономиканың энергияға деген қажеттілігін қамтиды. Қазақстан жағдайында жоғары көрсеткіш ең алдымен өндіріс құрылымымен байланысты.

Мәселен, климаты ыстық елдерде кондиционерлеу мен салқындату жүйелеріне көп энергия жұмсалады. Ал Исландияның қазіргі рейтингте бірінші орынға шығуына дата-орталықтардың энергияға сұранысының артуы ықпал еткен.

Қазақстанның алғашқы 25 елдің қатарына енуі де заңды. Ел экономикасында тау-кен өндірісі, металлургия, шикізатты өңдеу, жылу және электр энергиясын өндіру секілді энергияны көп қажет ететін салалардың үлесі жоғары. Бұған қоса, аумағы кең елді қыс мезгілінде жылумен қамтамасыз ету де едәуір ресурс қажет етеді. Энергия ресурстарының салыстырмалы түрде арзан болуы да үнемдеуге деген ынтаны төмендетеді. Кей жағдайда энергия үнемдейтін технологияларды енгізу көп көлемде тұтынған энергияның ақысын төлеуден қымбатқа түседі.

 

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев ауыл шаруашылығын қолжетімді шарттармен несиелеуге банктерді кеңінен тарту қажет деп санайды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен Ауыл шаруашылығы министрлігіне екінші деңгейлі банктердің аграрлық саланы қолжетімді шарттармен несиелеуге қатысуын кеңейту мәселесін шешуді тапсырды.

Қазақстан жасанды интеллектінің көмегімен әлемдік деңгейдегі азық-түлік өндіруші елге айналуы мүмкін – Тоқаев

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, ауыл шаруашылығына жасанды интеллект технологияларын енгізу саланың дамуына тың серпін беріп, еліміздің әлемдік деңгейдегі ірі азық-түлік өндіруші елге айналуына жол ашуы мүмкін.

Тоқаев бюджет қаражатын үнемдеу үшін аграрлық саладағы бағдарламаларды оңтайландыруды тапсырды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында Үкіметке аграрлық саладағы бағдарламаларды жан-жақты талдауды тапсырды.

Қазақстанда жеңіл өнеркәсіпке салық жеңілдіктерін беру және проблемалық қарызы кешірілген азаматтарды жеке табыс салығынан босату жөніндегі өзгерістер мақұлданды

Қазақстанда Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсенің 30-шы отырысында салық заңнамасына қатысты екі түзету мақұлданды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.