Евразия24ЖаңалықтарТрамп Канада тауарларына 50 пайыздық баж салығын енгізуді кейінге қалдыруы мүмкін

Трамп Канада тауарларына 50 пайыздық баж салығын енгізуді кейінге қалдыруы мүмкін

|

|

Вашингтон. 19 тамыз. ИНТЕРФАКС – АҚШ президенті Дональд Трамп Канададан импортталатын тауарларға 50% көлемінде кедендік баж салығын енгізу мерзімін кейінге шегеру мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл туралы Politico ақпарат көздеріне сілтеме жасап хабарлады.

Басылымның үш дереккөзі АҚШ пен Канада арасында жаңа баж салығын енгізбеуге мүмкіндік беретін келісім жобасы Трамптың қарауында екенін мәлімдеген.

Енді баж салығының жоспарланғандай 19 тамызда Вашингтон уақытымен сағат 00:01-де (Мәскеу уақытымен 07:01-де) күшіне енуі АҚШ президентінің шешіміне байланысты.

Politico мәліметінше, АҚШ пен Канада өкілдері бірнеше күннен бері тікелей келіссөз жүргізіп келеді. Вашингтон Канададан былтыр Трамп енгізген тарифтерге жауап ретінде қабылданған шараларды алып тастауды талап етіп отыр. Олардың қатарында АҚШ-та өндірілген алкоголь өнімдеріне қойылған шектеулер мен америкалық автокөліктерге салынған баж салығы бар.

Тараптар талқылап жатқан ықтимал келісімде Канаданың сүт өнімдеріне қатысты тарифтік квота бойынша да бірқатар шартқа келісуі қарастырылған.

Дереккөздердің айтуынша, автокөлікке салынатын баж салығы әзірге келіссөздегі негізгі келіспеушілік болып отыр.

Канада автокөлікке белгіленген 25 пайыздық тарифті төмендетуді және баж салығын тек Солтүстік Америкадан тыс жерде шығарылған көліктерге қолдануды көздейді.

Ал АҚШ америкалық шарап пен күшті алкоголь өнімдерінің Канада нарығына қайта оралуын келіссөздегі басты талаптардың бірі ретінде белгілеген.

Келіссөзге қатысушылар осы мәселелер бойынша ортақ шешімге келу екі ел арасындағы ауқымды сауда келіссөздеріне жол ашады деп үміттенеді. Биыл Солтүстік Америкадағы сауда келісімінің талаптары да қайта қаралуға тиіс, деп жазады Politico.

Сәрсенбіде күшіне енуі тиіс жаңа баж салығы екі ел арасындағы сауданың шағын бөлігіне ғана қатысты болғанымен, ол жалпы көлемі шамамен $1 трлн болатын тауарлар мен қызметтер саудасы жөніндегі келіссөздерге кері әсер етуі мүмкін.

Шілде айында Трамп Канададан импортталатын бірқатар тауарға – шараптан бастап хоккей таяқшалары мен цементке дейін – қосымша 50 пайыздық баж салығын енгізу туралы құжатқа қол қойған.

Құжатта келіссөздерді жалғастыруға уақыт беру мақсатында жаңа тарифтерді бір айдан кейін күшіне енгізу көзделген.

Сейсенбі күні Канада премьер-министрі Марк Карнидің кеңсесі оның Дональд Трамппен сол күні келіссөздердің қазіргі барысын тағы да талқылағанын растады.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстанда егін суаруға жерасты суын пайдаланатын шаруаларға салықты азайту ұсынылды

Су ресурстары және ирригация министрлігі жерасты су қорларын шаруашылық мақсатта кеңінен пайдалану үшін салықтық тетіктерді жеңілдетуді ұсынды. Бұл туралы Қазақстан Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады.

Тоқаев: Қазақстан Орталық Азияда және одан тыс жерлерде бейбітшілікті сақтауға бар күшін салады

Қазақстан бейбіт сыртқы саясат ұстанымын берік сақтап, Орталық Азияда және одан тыс өңірлерде бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге барынша күш салады. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.

Қазақстанда қиын жағдайға тап болған азаматтардың кешірілген несиесіне салық салмау ұсынылды

Қазақстанда алаяқтардан зардап шеккен немесе күрделі өмірлік жағдайға тап болған азаматтардың несиесі кешірілген кезде жеке табыс салығын (ЖТС) төлеуден босату мәселесі қаралып жатыр. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан энергия тұтыну деңгейі жоғары елдер қатарында

«Қазақстан жан басына шаққандағы энергия тұтыну көлемі бойынша әлем елдері арасында 22-орында тұр.