Евразия24ЖаңалықтарТаяу Шығыстағы қақтығыс газ қоймаларын толтыруға кедергі келтірмейді

Таяу Шығыстағы қақтығыс газ қоймаларын толтыруға кедергі келтірмейді

|

|

Брюссель. 20 тамыз. ИНТЕРФАКС – Еурокомиссия жылыту маусымы басталғанға дейін жерасты қоймаларындағы газ қорын қажетті деңгейге жеткізу үшін ЕО елдерімен бірлесіп жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл туралы Еурокомиссияның ресми өкілі Эва Хрнчирова мәлімдеді.

«Газ жинау қарқыны алдыңғы жылдармен салыстырғанда біршама баяу. Дегенмен қазіргі жағдай қалыпты, қоймалардағы қор 62%-ға жуықтады. Алдағы қыс қарсаңында Еуроодақта газбен қамтамасыз ету қауіпсіздігіне тікелей қатер төніп тұрған жоқ», – деді ол бейсенбі күні Брюссельде өткен брифингте.

Еурокомиссия өкілінің айтуынша, биыл газ қоймаларын әдеттегідей толық толтыру міндеті қойылмаған. Қоймалардағы қорды 80% деңгейіне жеткізу көзделіп отыр.

Хрнчирова Еурокомиссияның газ мәселелері жөніндегі үйлестіру тобының отырысы өткенін, келесі жиын қыркүйекке жоспарланғанын хабарлады. Қазіргі уақытта төтенше жағдай туындауы мүмкін деген белгі жоқ.

Ормуз бұғазындағы жағдайдың газ жеткізіліміне ықпалы туралы сұраққа жауап берген ЕК өкілі өңірдегі тұрақсыздыққа қарамастан, Еуропаны газбен қамтамасыз етуге қауіп төніп тұрған жоқ екенін айтты.

Еуропалық газ инфрақұрылымы операторларының Gas Infrastructure Europe мәліметінше, 18 тамыздағы жағдай бойынша Еуропаның жерасты қоймаларындағы газ қоры 61,61%-ға жетті. Бұл осы кезеңдегі соңғы бес жылдың орташа көрсеткішінен 17,13 пайыздық тармаққа төмен. Соңғы жеті күнде қоймаларға тәулігіне орта есеппен 297 млн текше метр газ жиналды. Бұл бес жылдық орташа деңгейден 16,4% аз.

Еуропадағы табиғи газ қоры әлемдік газ нарығындағы маңызды көрсеткіштердің бірі саналады. ЕО-дағы жерасты қоймаларына жалпы 109 млрд текше метр белсенді газ сыяды. Сонымен қатар Еуропа жиынтық көрсеткіш бойынша әлемдегі ең ірі сұйытылған табиғи газ импорттаушысына айналды.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан дрон қаупіне қарсы қорғаныс жүйесін күшейтіп жатыр

Қазақстанда отын-энергетика кешені нысандарын ұшқышсыз ұшу аппараттарынан қорғауды күшейту жоспарланып отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді. Министрдің айтуынша, нысандарды физикалық қорғау шаралары ұшқышсыз аппараттарды анықтау және олардың жұмысын тоқтатуды да қамтиды

Каспийдегі әскери қызметшілердің қазасына қатысты тағы бір күдікті ұсталды

Бұған дейін жазғанымыздай  тергеу 24 қыркүйекте оқу-жаттығу кезінде болған қайғылы оқиғаға қатысы бар адамдарды анықтауды жалғастырып жатыр.

Қазақстандықтардың табысы мен шығыны цифрлық жүйе арқылы сараланады

Салық органдары қазақстандықтардың банктік аударымдарына еркін қол жеткізе алмайды. Smart Data Finance жүйесі 80 дереккөзден ақпарат жинап, азаматтардың табысы мен шығынын салыстыруға мүмкіндік береді. Мысалы, адам ресми түрде айына 300 мың теңге табыс табады, бірақ 100 млн теңгеге пәтер сатып алса, салық органдарында сұрақ туындауы мүмкін. 

Үйірмелер мен секциялар бір жүйеге біріктіріледі: балаларға қандай мүмкіндік беріледі?

Оқу-ағарту министрлігі балаларға қосымша білім беру жүйесін ауқымды реформалауға арналған пилоттық жобаның географиясын кеңейтті. Құрылтайдағы «Ауыл» фракциясының депутаттық сауалына берген жауабында Жұлдыз Сүлейменова спорттық, шығармашылық және білім беру үйірмелері OQU бірыңғай цифрлық платформасына біріктірілетінін, ал пилоттық жоба Қазақстанның 11 өңірінде 2027 жылғы 1 қыркүйекке дейін жалғасатынын мәлімдеді. «Бір бала – бір ваучер» қағидаты өңірлерге тізімдегі жалған қатысушыларды анықтап, мемлекеттік білім беру тапсырысын тиімді бөлуге мүмкіндік береді. Мұндағы басты міндет – балалардың өз сұранысына сай қосымша білім алуына, яғни шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларына қатысуына жағдай жасау. Алайда алғашқы қарағанда бәрі ойдағыдай көрінгенімен, іс жүзінде жағдай шынымен соншалықты мінсіз бе?