Евразия24ЖаңалықтарЕуропада жазғы ыстықтан 35 мыңнан астам адам қайтыс болды

Еуропада жазғы ыстықтан 35 мыңнан астам адам қайтыс болды

|

|

Лондон. 25 тамыз. ИНТЕРФАКС – Биыл жазда Еуропаны жайлаған қалыптан тыс ыстық салдарынан әдеттегі көрсеткіштен кемінде 35 мыңға артық өлім тіркелді. Бұл туралы сейсенбі күні The Guardian хабарлады.

Ең көп адам шығыны Германияда тіркелген. Мұнда күннің шамадан тыс ысуынан шамамен 14 мың адам қайтыс болған. Францияда әдеттегі деңгейден 7,3 мыңнан астам артық өлім тіркелсе, Испанияда жоғары температураның салдарынан 5 мыңға жуық адам көз жұмған. Италияда бұл көрсеткіш 5 мыңнан 8 мың адамға дейін жетеді.

Ұлыбритания, Бельгия және Нидерландта қалыптан тыс ыстықтан қайтыс болғандардың жалпы саны 5 мыңға жуықтаған.

Артық өлім-жітім дегеніміз – белгілі бір кезеңде қайтыс болғандар санының қалыпты жағдайда күтілетін көрсеткіштен артуы. Бұған ауа райының қалыптан тыс құбылыстары, қарулы қақтығыстар немесе ашаршылық сияқты сыртқы факторлар себеп болуы мүмкін.

Басылым бұл деректер Еуропа елдерінің тек жартысын қамтитынын әрі тамыз айында тіркелген өлім-жітім толық есепке алынбағанын атап өтті. Сондықтан түпкілікті көрсеткіш бұдан едәуір жоғары болуы мүмкін.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, соңғы 20 жылда Еуропада шамадан тыс жоғары температурадан болатын өлім-жітім 30%-дан астам өскен. Климаттың өзгеруіне байланысты бұл көрсеткіш алдағы уақытта да арта береді деген болжам бар.

Мамыр айында Еуропаның бірқатар елінде күн күрт ысып, температура рекордтары жаңарды. Кей жерлерде ауа температурасы 40 градусқа жетіп, тіпті одан да асты. Қатты ыстық Франция, Испания және Италия бастаған бірнеше елде табиғи өрттердің шығуына себеп болды.

Еуропалық орман өрттері жөніндегі ақпараттық жүйенің дерегіне сәйкес, 2026 жылдың 25 тамызына дейін Еуропалық одақ аумағында 626,8 мың гектар жер өртенген.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Есепте арзандаған дәрі дәріханада қымбат: үкімет нарықты ретке келтірмек

Қазақстанда дәрі-дәрмек жалпы инфляциядан әлдеқайда жылдам қымбаттап жатыр. Алайда Денсаулық сақтау министрлігі әрбір төртінші препараттың бағасы төмендегенін мәлімдейді. Бұл қайшылық 3 қарашада халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесі қаралған үкімет отырысынан кейінгі баспасөз конференциясында байқалды. Дегенмен шенеуніктер тек баға жайын сөз еткен жоқ. Олар мемлекеттік сатып алуда миллиардтаған теңге үнемделгенін айтып, жаңа фармацевтикалық өндірістер ашылатынын, тегін дәрі-дәрмекпен қамту аясы кеңейіп, цифрлық бақылау күшейетінін хабарлады. Мұның бәрі, сөзсіз, маңызды. Бірақ қазақстандықтар осы қамқорлықтың игілігін көре ме? Мәселенің мәніне үңіліп көрейік.

Песков Ресейдің ТМҰ-ға қатысуы туралы пікір білдірді

Ресейдің Түркі мемлекеттері ұйымына қатысуы қисынды әрі орынды болар еді. Бұл туралы РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді. Оның айтуынша, Мәскеуге әзірге ресми шақыру түспеген.«Ресейдің Түркі мемлекеттері ұйымына қатысуына келсек, өздеріңіз білетіндей, Ресейдің бірқатар өңірінде тарихи шығу тегі жағынан түркі халықтары тұрады», – деді Песков.

Өзгенің баласын өз атына жаздырған ер адам енді одан бас тарту үшін Конституциялық сотқа жүгінді

Астанадағы Конституциялық сотта судья-баяндамашы Айжан Жатқанбаеваның төрағалығымен баланың анасымен ажырасқаннан кейін өзінің әкелігін даулап отырған ер адамның өтініші қаралып жатыр. Ол баланың биологиялық әкесі емес.

Еңбек министрлігі: сынақ мерзімі жалақы төлемеуге негіз емес

Жұмыс беруші қызметкерді жұмысқа қабылдағанда оның кәсіби дағдыларын және тапсырылатын жұмысқа сәйкестігін бағалау үшін сынақ мерзімін белгілей алады. Алайда сынақ мерзімі азаматтардың еңбек құқықтарын шектемейді.