Евразия24Не болдыАрман қуып барып, ажал құшты

Арман қуып барып, ажал құшты

|

|

Шарджада қазақстандық апалы-сіңлілі Ақжан және Жұлдыз Бохановалар қаза тапты. Алдын ала мәлімет бойынша, олар кісі қолынан қаза болуы мүмкін.

25 тамызда тараған бұл қаралы хабар Қазақстан халқын дүр сілкіндірді.

«Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі марқұмдардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, Дубайдағы дипломаттар олардың отбасына көмек көрсетіп жатқанын хабарлады. Қазақстанның Дубайдағы Бас консулдығы құжаттарды рәсімдеуге жәрдемдесіп, қазақстандықтардың қазасына қатысты мән-жайды анықтау үшін БАӘ-нің құзырлы органдарымен байланыс орнатып отыр. Оқиғаның мән-жайын Біріккен Араб Әмірліктерінің тиісті органдары анықтап жатыр», – деп Informburo ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлады .

Ал әлеуметтік желілердегі кейбір парақшаларда марқұмдардың жақындары айтқан оқиғаның бірқатар жай-жапсары тарай бастады.

«Біз қыздардың біраз уақыт бірге оқып, бірге жұмыс істеген құрбысымен сөйлестік. Оның айтуынша, Ақжан мен Жұлдыз 2025 жылдың желтоқсанында Дубайға жұмыс істеуге кеткен. Екеуі сұлулық салонында жұмыс істеп, Шарджадағы пәтерде тұрған. Туыстарымен үнемі хабарласып жүрген, алайда 17 тамыздан бастап байланысқа шықпай қалған. 24 тамызда ата-анасына қыздарының денесі табылғаны хабарланған. Құрбысының сөзінше, ата-анасы олардың мәйіті құлыптаулы пәтерде қанша уақыт жатқанын білмейді. Қолда бар ақпарат бойынша, күдікті ұсталған және ол Қазақстан азаматы болуы мүмкін. Алайда бұл мәлімет әзірге ресми түрде расталған жоқ», – деп хабарлады Qumash .

Өкінішке қарай, шетелде қылмыстың құрбаны болып, қаза тапқан қазақстандықтардың қатары тағы да көбейіп отыр.

2021 жылы Тбилисиде қаза тапқан Әсел Айтпаеваның оқиғасы да көпшіліктің есінде . Оны зорлап, өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізген туысы кейін 15 жылға бас бостандығынан айырылған.

2023 жылы Телавиде қазақстандық журналист Жанбота Төлеген кісі қолынан қаза тапты .

Мұндай оқиғалардың көбінде ұқсас жағдай қайталанады. Адамдар шетелге жақсы өмір іздеп, жұмыс істеуге немесе білім алуға барады. Алайда бөтен елде қылмыс пен зорлық-зомбылыққа тап болып, қорғансыз күйде қалады. Оның үстіне, кей жағдайда қылмысқа жәбірленушінің жақын адамдарының қатысы бары анықталып жатады.

 

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related


Минск Батысқа ескерту жасады

Бейбітшіл мемлекет дегеніміз – зиянсыз да, дәрменсіз де ел емес, дұшпанына төндіретін қатерін өз бақылауында ұстай білетін халықаралық қауымдастық мүшесі. Осы ойды ұжымдық Батыстағы серіктестеріне Еуразиялық қауіпсіздік жөніндегі IV Минск халықаралық конференциясына қатысушылар жеткізуге тырысты. «Шиеленіс әр елді де, әр адамды да алаңдатпай қоймайтын деңгейге жетті», – деп мәлімдеді Беларусь Президенті Александр Лукашенко. Ал Еуропада соңы немен тынарын ойламастан «соғыс ойнап» жүр. «Көне әлемдік тәртіп көз алдымызда күйреді, ал жаңасы әлі қалыптасқан жоқ», – деп атап өтті Беларусь басшысы.

Ресей Қауіпсіздік кеңесі Францияның ЕО мен НАТО елдерінің бірқатарын ядролық қорғанысқа алу жоспарына алаңдаушылық білдірді

Ресей Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары Александр Венедиктовтің айтуынша, Еуропалық одақ әскери-саяси блокқа айналып барады. Ол Францияның ЕО мен НАТО-ға мүше бірқатар елді ядролық қаруымен қорғау жоспары Ресейді алаңдатып отырғанын мәлімдеді.

Пентагон Трамптың Флоридадағы резиденциясын дрондардан қорғау үшін лазерлік қондырғы орналастырды – БАҚ

АҚШ әскері президент Дональд Трамптың Флоридадағы Мар-а-Лаго резиденциясының әуе қорғанысы жүйесіне ұшқышсыз аппараттарды атып түсіруге арналған LOCUST лазерлік қондырғысын қосты. Бұл туралы The War Zone басылымы хабарлады.

Құрылтай ветеринарлардың жалақысын көтеруді көздейтін заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Қазақстан Құрылтайы сәрсенбі күнгі отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ветеринария мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.