Евразия24Үздік бестікке енген ақпараттарБҰҰ әлемдегі балалар санына қатысты дерек жариялады

БҰҰ әлемдегі балалар санына қатысты дерек жариялады

|

|

FINANCE.kz сарапшылары әлем елдерінің демографиялық дамуында алшақтық күшейіп келе жатқанына назар аударады. «Әлем біртіндеп халқы өте жас және қартаюы жеделдеген елдер болып жіктеле бастады. Алайда бала санының көп болуы өздігінен елдің әл-ауқатын арттырмайды. Жас ұрпақтың көптігі — экономикалық өсімге жол ашатын мүмкіндік қана. Оның игілігін көру үшін балалар мен жастарға сапалы білім мен медициналық қызмет қолжетімді болып, қажетті дағдыларды меңгеруіне және тұрақты жұмыс табуына жағдай жасалуы керек. Сонда бірнеше онжылдықтан кейін елде еңбекке қабілетті азаматтардың қатары көбейіп, ішкі нарық та кеңейеді. Африка елдерінің тәжірибесі балалар мен жастарға жеткілікті қаржы бөлінбесе, халықтың жас болуы экономикалық өрлеуге өздігінен кепілдік бермейтінін көрсетіп отыр. Бұл тұрғыда Қазақстанның мүмкіндігі мол. Елімізде жастардың үлесі әлі де жоғары. Ендігі міндет — осы буынның әлеуетін ел дамуына жұмсауға жағдай жасау. Мұны кейінге қалдыруға болмайды. Өйткені арада 20 жыл өткенде бүгінгі жастар еңбек нарығының негізгі бөлігін құрайтын мамандарға, кәсіпкерлер мен салық төлеушілерге, сондай-ақ келесі ұрпақты тәрбиелейтін ата-аналарға айналады», — деп FINANCE.kz жазды.

 

Еуразия24 пікірі:

БҰҰ-ның Халық саны жөніндегі бөлімі 2025 жылдың қорытындысы бойынша әлем елдеріндегі 18 жасқа толмаған тұрғындардың үлесін салыстырды.

Балалар мен жасөспірімдердің үлесі ең жоғары елдердің басым бөлігі тұрмыс деңгейі төмен мемлекеттер болып шықты. Бұл көрсеткіш бойынша Африка құрлықтар арасында бірінші орында тұр. 18 жасқа толмағандар Орталық Африка Республикасында халықтың 56,2%-ын құрайды. Одан кейін Нигер — 53,3%, Сомали — 53%, Мали — 52,9% және Чад — 52,7%. Балалар мен жасөспірімдердің үлесі ең жоғары 30 елдің 28-і Африка құрлығында орналасқан.

Ал балалардың үлесі ең төмен көрсеткіш Гонконгта тіркелген — 12,6%. Жекелеген мемлекеттер арасында Оңтүстік Кореяда балалар мен жасөспірімдер халықтың небәрі 12,9%-ын құрайды.

Қазақстанда 18 жасқа толмағандардың үлесі — 34,2%. Бұл туу көрсеткішінің тұрақтылығын және балалардың өмір сүру көрсеткішінің жоғары екенін аңғартады. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, Ресейде 18 жасқа дейінгі тұрғындардың үлесі 20,6%, АҚШ-та — 21%, Қытайда — 19,1%.

Демек, Қазақстанның демографиялық әлеуеті әлі де жоғары. Ендігі мәселе — өсіп келе жатқан ұрпақтың сапалы білім алып, дені сау, білікті әрі еңбекке қабілетті азамат болып қалыптасуына жағдай жасау.

 

 

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Еуропаның қор индекстері төмендеп жатыр

АҚШ-тың Ирандағы Кешм аралына шабуыл жасағаны туралы хабарлардан кейін мұнай бағасы көтеріліп, сейсенбі күні Батыс Еуропаның ірі елдеріндегі акциялар нарығы төмендеді.

Еурокомиссия басшысы экологиялық таза экономикаға көшуді Еуропа тәуелсіздігінің кепілі деп санайды

Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен Еуроодақтың экологиялық таза экономикаға көшу бағытынан айнымайтынын мәлімдеді. Оның пікірінше, бұл – Еуропа тәуелсіздігінің кепілі.

Финляндиядан кейін Норвегия да Ресей хоккейшілерімен ойнаудан бас тартты

Норвегия хоккей қауымдастығы ұлттық құрамасының 2027 жылғы мамырда Германияда өтетін әлем чемпионатында Ресей құрамасымен ойнамайтынын мәлімдеді. Бұл туралы сейсенбі күні еуропалық БАҚ хабарлады.

«Қазатомөнеркәсіп» басшысы Тоқаевқа компанияның жұмыс нәтижелері мен жоспарлары туралы баяндады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповтың компанияның ағымдағы қызметі мен стратегиялық басымдықтарының іске асырылуы жөніндегі есебін тыңдады.