Евразия24Үздік бестікке енген ақпараттарҚоғам белсенділері оқушыларға 60 минуттық түскі үзіліс беруді ұсынды

Қоғам белсенділері оқушыларға 60 минуттық түскі үзіліс беруді ұсынды

|

|

Қазақстандықтар E-Petition платформасы арқылы Денсаулық сақтау министрлігіне мынадай ұсыныс жолдады: «Мектептегі тамақтану жүйесін жетілдіру, балалардың денсаулығын сақтау және дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыру үшін Қазақстанның білім беру ұйымдарында ас ішуге кемінде 60 минут уақыт бөлуді ұсынамыз. Бұл ретте асханада оқушыларға кезекпен қызмет көрсетілетіні де ескерілуге тиіс. Осы уақыт ішінде бала кезекте тұрып, тамағын алып, үстелге жайғасып, асықпай тамақтанып үлгеруі керек. Сондай-ақ асты мұқият шайнап, қатарластарымен сөйлесіп, тамақтануды белгіленген тәртіппен аяқтауға жеткілікті уақыт болғаны жөн. Мектептегі тамақтануды ұйымдастырудың халықаралық тәжірибесі оның нәтижесі тағамның сапасы мен мәзірдің құнарлылығына ғана емес, баланың қандай жағдайда тамақтанатынына да байланысты екенін көрсетеді. Ас ішуге жеткілікті уақыт бөлу ағзаның қоректік заттарды дұрыс сіңіруіне, созылмалы аурулардың алдын алуға және дұрыс тамақтану дағдысын қалыптастыруға ықпал етеді. Бұл қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясаттың міндеттерін орындау үшін де маңызды. Қазір Қазақстандағы көптеген білім беру ұйымдарында бала кезекте тұрып, тамағын алғаннан кейін ас ішуге небәрі 10–15 минут қалады. Ал жекеменшік білім беру ұйымдарында бұл уақыт шамамен 20–30 минутты құрайды».

 

Еуразия24 пікірі:

Біз петиция авторы Альмира Орлованың да, оны қолдап дауыс беріп жатқан азаматтардың да ұсынысын түсінеміз. Олардың басым бөлігі ата-аналар болуы мүмкін. Алайда Қазақстан мектептерінде барлық оқушыға бір мезгілде 60 минуттық түскі үзіліс ұйымдастыру іс жүзінде қиын. Себебі мектеп асханалары бір уақытта осынша көп баланы қабылдай алмайды, көп жерде оған орын да жетпейді.

Әр оқушыға тамақтануға толық бір сағат беру үшін ұзақ үзілісті әр сабақтан кейін ұйымдастыруға тура келер еді. Оның өзінде оқушысы көп мектептерде асханадағы орын мәселесі толық шешіле қоймайды.

Біздің білуімізше, кей мектептерде бастауыш сынып оқушыларын буфет маңындағы кептелісті азайту үшін белгіленген сабақтың соңына таман асханаға ертерек жібереді. Соның өзінде асханада ұзын-сонар кезек пайда болатын жағдайлар кездеседі.

Сондықтан петицияда келтірілген дәлелдер қаншалықты орынды болғанымен, оны жүзеге асыруға мектептердің қазіргі мүмкіндігі жете бермейді деген уәж айтылуы ықтимал. Яғни ұсыныс оқу уақытында барлық балаға толыққанды әрі ұзақ түскі үзіліс ұйымдастыруға жағдайдың жеткіліксіздігі себепті қолдау таппауы мүмкін.

 

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан екінші АЭС құрылысы жөнінде Қытаймен келіссөз жүргізіп жатыр – Энергетика министрі

Қазақстан Қытайдың ұлттық атом компаниясымен елдегі екінші атом электр станциясын салу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады.

Путин Ресейдің өзге елдермен ынтымақтасуға мүдделі екенін, ешкімге қоқан-лоқы көрсетпейтінін айтты

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей өзге елдерге бұрын да қоқан-лоқы көрсетпеген, қазір де көрсетіп отырған жоқ. Ол елінің басқа мемлекеттермен ынтымақ орнатуға мүдделі екенін айтты.

Литва мен Германия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Литва қорғаныс министрі Робертас Каунас пен Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Берлинде қорғаныс саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

АҚШ-тағы сайлау нәтижесі Вашингтон мен Брюссельдің қарым-қатынасын өзгерте ме?

АҚШ-тағы аралық сайлауда Республикалық партияның жеңілуі Вашингтон мен Еуроодақ арасындағы қатынас өздігінен жақсарады деген сөз емес. Бұл туралы сәрсенбі күні Bloomberg агенттігі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.