Евразия24Не болдыҚазақстанда 10 мыңнан астам  жүргізуші көлік басқару құқығынан айырылды

Қазақстанда 10 мыңнан астам  жүргізуші көлік басқару құқығынан айырылды

|

|

Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелері мемлекеттік органдардың дерекқорларымен біріктірілгеннен кейін Қазақстанда 10 мыңнан астам адам жүргізуші куәлігінен айырылды.

Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспанов мәлімдеді.

«Қазақстанда Денсаулық сақтау министрлігі, Бас прокуратура және Ішкі істер министрлігінің ақпараттық жүйелері өзара біріктірілді. Соның нәтижесінде денсаулығына байланысты көлік жүргізуге болмайтын азаматтарды анықтауға мүмкіндік туды. Деректерді цифрлық жүйе арқылы салыстыру нәтижесінде қазірдің өзінде 10 мыңнан астам адамның жүргізуші куәлігінің қолданысы тоқтатылды. Денсаулық сақтау министрлігі тұрақты медициналық бақылауда тұрған және көлік жүргізуге денсаулық жағдайы мүмкіндік бермейтін азаматтар туралы мәліметті тиісті органдарға жолдайды. Бұл жұмыс жалғасады. Көлік жүргізуге болмайтын аурулар тізіміне сегіз түрлі дерт енгізілген», – делінген министрлік ақпаратында.

Сонымен қатар жүргізуші куәлігін алу үшін медициналық тексеруден өту тәртібі цифрландырылған. Медициналық анықтама енді электронды түрде беріледі, ал дәрігерлік комиссияның қорытындысы ақпараттық жүйелерге енгізіледі.

Алдымен Қазақстанда көлік жүргізуге тыйым салынатын немесе белгілі бір шектеу қойылатын аурулар тізіміне тоқталайық.

Көлік жүргізуге мүлде болмайтын жағдайларға ауыр психикалық бұзылыстар, психобелсенді заттарды шамадан тыс қолдану, эпилепсия, ахроматопсия (түстерді ажырата алмау) және екі көздің де көрмеуі жатады. Бұдан бөлек, көру немесе есту қабілетінің бұзылуы, вестибулярлық аппарат аурулары, жарақаттан кейінгі кейбір жағдайлар, аяқ-қол қызметінің бұзылуы және басқа да дерттер кезінде көлік жүргізуге белгілі бір шектеулер қойылады.

Мұндай талаптар көлік санатына қарай әртүрлі. Мәселен, автобус немесе жүк көлігін жүргізуге кедергі болатын денсаулық жағдайы жеңіл автокөлік жүргізушісіне міндетті түрде толық тыйым салынады деген сөз емес.

Денсаулық сақтау жүйесінде медициналық бақылауда тұрған азаматтар туралы қажетті мәлімет бар. Сондықтан мұндай деректер бұрын жүргізуші куәлігін беретін жүйеге түспеді екен деп, денсаулығына байланысты көлік жүргізуге болмайтын азаматтардың куәлігін қолданыста қалдыру қисынсыз.

Ендеше, ақпараттық жүйелер біріктірілгенге дейін медициналық қарсы көрсетілімі бар азаматтардың көлік жүргізуіне қалай жол берілген?

10 мыңнан астам жүргізуші куәлігінің қолданысы тоқтатылғаны белгілі. Бірақ бұл статистиканың жалғасы да болғаны жөн. Мәселен, медициналық қарсы көрсетілімі бола тұра, олар жүргізуші куәлігін орта есеппен қанша уақыт пайдаланған? Нақты қаншасы көлік жүргізген? Жол ережесін бұзғандары қанша? Жол-көлік оқиғасына қатысқандары болды ма? Олардың арасында қоғамдық көлік, такси, автобус немесе жүк көлігін жүргізгендер бар ма?

Ең қызығы, жүргізуші куәлігінен айырылған осы 10 мыңнан астам адамның бәрі бірдей жолда қауіп төндірді деуге негіз бар ма? Олардың арасында жол ережесін бұзбай, көлікті ұқыпты жүргізіп келген азаматтар да болуы әбден мүмкін.

 

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Бітімге бастар келіссөз нәтиже бермеді

Президент Дональд Трамптың арнайы өкілдері жарты жылдан астам үзілістен кейін Мәскеу мен Киевке қайта барды. Осы сапарлар Украина мәселесін дипломатиялық жолмен реттеуге бағытталған келіссөздердің жаңа кезеңіне жол ашты. 2025 жылы АҚШ әкімшілігі Аляскада қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыра алмады. Сондықтан бұл жолғы келіссөздерден де айтарлықтай нәтиже шығады дегенге күмән бар. 2025 жылы Трамп Украина мәселесі бойынша келіссөздерге кіріскен кезде Иран дағдарысы әлі туындамаған еді. Ал Таяу Шығыстағы қақтығыстың нәтижесі Вашингтонның халықаралық келіссөздердегі бейтарап төреші ретіндегі беделіне нұқсан келтірді.

Тегін берілуге тиіс дәрілер дәріханаларда сатылған

Айыппұл Денсаулық сақтау министрлігінің таңбалау жүйесі арқылы жүргізген ауқымды тексеруінің қорытындысы бойынша салынды. Бұл тексеріс туралы сәуір айында да хабарланған еді. Сол кезде 2024 жылы 1 шілдеден бері Қазақстан дәріханаларынан тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында халыққа берілуге арналған 4114 дәрі-дәрмек сатылымнан табылғаны белгілі болды.

Еуропа орталық банкі негізгі пайыздық мөлшерлемелерді 25 базистік тармаққа көтерді

Еуропа орталық банкі (ЕОБ) бейсенбі күні аяқталған отырысының қорытындысында үш негізгі пайыздық мөлшерлемені де 25 базистік тармаққа көтерді.

Путин БРИКС саммитіне қатысу үшін Үндістанға барады

Ресей Президенті Владимир Путин 11–13 қыркүйекте Үндістанға жұмыс сапарымен барып, БРИКС саммитіне, ұйымның іскерлік форумына және «БРИКС плюс»/аутрич форматындағы кездесуге қатысады.