Евразия24Таңдаулы жаңалықтарЕлена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атанды

Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атанды

|

|

ҚР Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны әлемнің бірінші ракеткасы атануымен құттықтады. «WTA рейтингінде бірінші орынға көтерілуіңіз – айрықша талантыңыздың, орасан еңбегіңіз бен өз күшіңізге деген нық сеніміңіздің арқасында бағындырған биігіңіз. Осы тарихи жетістігіңізбен Қазақстан спортының мерейін асырып, әлемдік теннис тарихында өз есіміңізді қалдырдыңыз. Сіздің спорттағы жолыңыз еліміздегі мыңдаған жас спортшыға және әлемнің түкпір-түкпіріндегі миллиондаған теннис жанкүйеріне үлгі. Сондай-ақ кортта да, күнделікті өмірде де түрлі адамдармен қарым-қатынас кезінде жоғары мәдениет танытатыныңызды ерекше атап өткім келеді. Бұл Сіздің парасат-пайымыңыз бен тәрбиеңізді айқын көрсетеді», – делінген құттықтауда. Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаға жеңіске деген жігерін жоғалтпай, жаңа белестерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді.

 

Еуразия24 пікірі:

Қасым-Жомарт Кемелұлы қазақстандық спортшыларды айтулы жетістіктерімен үнемі құттықтап келеді. 2024 жылы сәуірде де Елена Рыбакинаның Штутгарттағы турнирде жеңіске жетуіне орай құттықтау жолдаған еді. Алайда жоғары деңгейде мойындалған спортшының өзі әлеуметтік желідегі сыннан тыс қалмайтынын кейінгі жағдай көрсетті. Осыдан екі жыл бұрын, 2024 жылдың жазында Рыбакина жедел бронхитке байланысты Париж Олимпиадасына қатысудан бас тартты. Сол кезде қазақстандық жанкүйерлердің бір бөлігі көңілі қалғанын білдірумен шектелмей, спортшының елге деген жанашырлығына күмән келтірді. Әлеуметтік желіде оны «еліміздің патриоты емес» деп айыптағандар да, тіпті ұлттық құрама сапынан шығаруды талап еткендер де болды. Рыбакинаның өзі Олимпиадаға дәрігерлердің қатаң тыйымына байланысты қатыса алмайтынын түсіндірді. Кейін қазақстандық жанкүйерлерге арнайы үндеу жолдап, Парижде өнер көрсете алмағаны үшін кешірім сұрады. Арада екі жыл өтті. Бүгінде Елена Рыбакина – әлемнің бірінші ракеткасы. Енді кезінде оны ұлттық құрамадан шығаруды талап еткендер не айтар екен?

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстанда 10 мыңнан астам  жүргізуші көлік басқару құқығынан айырылды

Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелері мемлекеттік органдардың дерекқорларымен біріктірілгеннен кейін Қазақстанда 10 мыңнан астам адам жүргізуші куәлігінен айырылды. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспанов мәлімдеді.

Бітімге бастар келіссөз нәтиже бермеді

Президент Дональд Трамптың арнайы өкілдері жарты жылдан астам үзілістен кейін Мәскеу мен Киевке қайта барды. Осы сапарлар Украина мәселесін дипломатиялық жолмен реттеуге бағытталған келіссөздердің жаңа кезеңіне жол ашты. 2025 жылы АҚШ әкімшілігі Аляскада қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыра алмады. Сондықтан бұл жолғы келіссөздерден де айтарлықтай нәтиже шығады дегенге күмән бар. 2025 жылы Трамп Украина мәселесі бойынша келіссөздерге кіріскен кезде Иран дағдарысы әлі туындамаған еді. Ал Таяу Шығыстағы қақтығыстың нәтижесі Вашингтонның халықаралық келіссөздердегі бейтарап төреші ретіндегі беделіне нұқсан келтірді.

Тегін берілуге тиіс дәрілер дәріханаларда сатылған

Айыппұл Денсаулық сақтау министрлігінің таңбалау жүйесі арқылы жүргізген ауқымды тексеруінің қорытындысы бойынша салынды. Бұл тексеріс туралы сәуір айында да хабарланған еді. Сол кезде 2024 жылы 1 шілдеден бері Қазақстан дәріханаларынан тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында халыққа берілуге арналған 4114 дәрі-дәрмек сатылымнан табылғаны белгілі болды.

Еуропа орталық банкі негізгі пайыздық мөлшерлемелерді 25 базистік тармаққа көтерді

Еуропа орталық банкі (ЕОБ) бейсенбі күні аяқталған отырысының қорытындысында үш негізгі пайыздық мөлшерлемені де 25 базистік тармаққа көтерді.