Евразия24ЖаңалықтарҚауіпсіздік кеңесінің қызметіне қатысты жаңа ереже бекітілді

Қауіпсіздік кеңесінің қызметіне қатысты жаңа ереже бекітілді

|

|

АСТАНА. 11 қыркүйек. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорда жұма күні мәлімдеді.

Жарлықпен Қауіпсіздік кеңесі мен оның аппараты туралы ережелер бекітіліп, Қауіпсіздік кеңесі төрағасы орынбасарының өкілеттіктері айқындалды.

Құжатқа сәйкес, Қауіпсіздік кеңесі мен оның аппараты жаһандық қауіп-қатерлерді, сондай-ақ ел ішіндегі өзекті мәселелерді жан-жақты талдайды.

Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары кеңес төрағасының актілері мен тапсырмаларының, Қауіпсіздік кеңесі шешімдерінің, оның ішінде жедел кеңестерде қабылданған шешімдердің толық әрі мүлтіксіз орындалуын бақылауды ұйымдастырады. Сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік пен елдің қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету, заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтау бағытындағы шараларды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жұмысын үйлестіреді.

Оның құзыретіне ақпараттық және киберқауіпсіздік, соның ішінде жасанды интеллектіні пайдалану мәселелері, дербес деректерді қорғау, сыбайлас жемқорлық пен экономикалық қылмысқа қарсы іс-қимыл, сондай-ақ азаматтық қорғау салалары да кіреді.

Бұдан бөлек, Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары аталған бағыттар бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимылын үйлестіріп, халықаралық ынтымақтастыққа қатысады және Қауіпсіздік кеңесі аппаратының қызметін үйлестіреді.

«Қауіпсіздік кеңесінің аппараты дербес мемлекеттік орган ретінде Мемлекет басшысына тікелей бағынады және есеп береді», – делінген хабарламада.

Аппараттың жұмысы ұлттық қауіпсіздік саласындағы тәуекелдерді бақылауды күшейтуге және жетілдіруге, мемлекеттік басқарудың тұрақтылығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ Қауіпсіздік кеңесі төрағасы мен кеңес шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Ақорданың мәліметінше, бұл міндеттер Қазақстанның егемендігі мен тәуелсіздігін, аумақтық тұтастығын, халықаралық аренадағы ұлттық мүдделері мен конституциялық құрылыс негіздерін қорғауды күшейтуге бағытталған.

Тамыз айының соңында Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі Жарлыққа қол қойған болатын. Соған сәйкес Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган – Қауіпсіздік кеңесінің аппараты құрылды.

Сол Жарлықпен Қауіпсіздік кеңесі хатшысының лауазымы Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары лауазымына ауыстырылды. Кейін бұл қызметке бұған дейін Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрі болған Аида Балаева тағайындалды.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Еуропаның қор индекстері төмендеп жатыр

АҚШ-тың Ирандағы Кешм аралына шабуыл жасағаны туралы хабарлардан кейін мұнай бағасы көтеріліп, сейсенбі күні Батыс Еуропаның ірі елдеріндегі акциялар нарығы төмендеді.

Еурокомиссия басшысы экологиялық таза экономикаға көшуді Еуропа тәуелсіздігінің кепілі деп санайды

Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен Еуроодақтың экологиялық таза экономикаға көшу бағытынан айнымайтынын мәлімдеді. Оның пікірінше, бұл – Еуропа тәуелсіздігінің кепілі.

Финляндиядан кейін Норвегия да Ресей хоккейшілерімен ойнаудан бас тартты

Норвегия хоккей қауымдастығы ұлттық құрамасының 2027 жылғы мамырда Германияда өтетін әлем чемпионатында Ресей құрамасымен ойнамайтынын мәлімдеді. Бұл туралы сейсенбі күні еуропалық БАҚ хабарлады.

«Қазатомөнеркәсіп» басшысы Тоқаевқа компанияның жұмыс нәтижелері мен жоспарлары туралы баяндады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповтың компанияның ағымдағы қызметі мен стратегиялық басымдықтарының іске асырылуы жөніндегі есебін тыңдады.