Евразия24ЖаңалықтарТоқаев: Қазақстанда 8 миллионнан астам адам дене шынықтырумен тұрақты айналысады

Тоқаев: Қазақстанда 8 миллионнан астам адам дене шынықтырумен тұрақты айналысады

|

|

АСТАНА. 11 қыркүйек. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстанда 8 миллионнан астам адам дене шынықтырумен тұрақты айналысады. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.

«Қазір елімізде 8 миллионнан астам адам дене шынықтырумен тұрақты айналысады. Бұл халықтың жартысына жуық бөлігін құрайды», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өткен VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімінде.

«Осы тұрғыдан алғанда, бізді салауатты ұлт деуге болады. Бірақ мұнымен тоқмейілсуге болмайды», – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, соңғы жеті жылда елде 500-ден астам спорт нысаны салынып, бірқатар нысан жөндеуден өткен.

«Былтыр менің тапсырмам бойынша «Дене шынықтыру және спорт туралы» заңға бірқатар өзгеріс енгізілді. Жаңартылған заң отандық спорттың дамуына тың серпін береді. Бұл ұлттық спорт түрлерінің өркендеуіне де оң ықпал етеді деп сенемін», – деді Мемлекет басшысы.

Президент балалардың спортпен және дене шынықтырумен айналысуына ерекше мән беру қажет екенін атап өтті.

«Балаларымыз міндетті түрде спортпен немесе дене шынықтырумен айналысуы керек. Бұл – жарқын болашағымыздың кепілі. Осы мақсаттың жалпыұлттық маңызы бар. Өйткені рухы мен тәні әлсіз халық ешқашан озық әрі дамыған ел құра алмайды. Бұл – ақиқат», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оның айтуынша, осы мақсатта спорт мектептеріндегі әр тәрбиеленушіге бөлінетін қаржы көлемі 233 мың теңгеден 415 мың теңгеге дейін, яғни екі есеге жуық көбейген.

«Былтыр 220 мыңнан астам бала мемлекет есебінен спорт секцияларына тегін барды. Осы мақсатқа 50 миллиард теңге бөлінді», – деді Президент.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Еуропаның қор индекстері төмендеп жатыр

АҚШ-тың Ирандағы Кешм аралына шабуыл жасағаны туралы хабарлардан кейін мұнай бағасы көтеріліп, сейсенбі күні Батыс Еуропаның ірі елдеріндегі акциялар нарығы төмендеді.

Еурокомиссия басшысы экологиялық таза экономикаға көшуді Еуропа тәуелсіздігінің кепілі деп санайды

Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен Еуроодақтың экологиялық таза экономикаға көшу бағытынан айнымайтынын мәлімдеді. Оның пікірінше, бұл – Еуропа тәуелсіздігінің кепілі.

Финляндиядан кейін Норвегия да Ресей хоккейшілерімен ойнаудан бас тартты

Норвегия хоккей қауымдастығы ұлттық құрамасының 2027 жылғы мамырда Германияда өтетін әлем чемпионатында Ресей құрамасымен ойнамайтынын мәлімдеді. Бұл туралы сейсенбі күні еуропалық БАҚ хабарлады.

«Қазатомөнеркәсіп» басшысы Тоқаевқа компанияның жұмыс нәтижелері мен жоспарлары туралы баяндады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповтың компанияның ағымдағы қызметі мен стратегиялық басымдықтарының іске асырылуы жөніндегі есебін тыңдады.