Евразия24ЖаңалықтарТоқаев: Қазақстанда 8 миллионнан астам адам дене шынықтырумен тұрақты айналысады

Тоқаев: Қазақстанда 8 миллионнан астам адам дене шынықтырумен тұрақты айналысады

|

|

АСТАНА. 11 қыркүйек. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстанда 8 миллионнан астам адам дене шынықтырумен тұрақты айналысады. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.

«Қазір елімізде 8 миллионнан астам адам дене шынықтырумен тұрақты айналысады. Бұл халықтың жартысына жуық бөлігін құрайды», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өткен VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімінде.

«Осы тұрғыдан алғанда, бізді салауатты ұлт деуге болады. Бірақ мұнымен тоқмейілсуге болмайды», – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, соңғы жеті жылда елде 500-ден астам спорт нысаны салынып, бірқатар нысан жөндеуден өткен.

«Былтыр менің тапсырмам бойынша «Дене шынықтыру және спорт туралы» заңға бірқатар өзгеріс енгізілді. Жаңартылған заң отандық спорттың дамуына тың серпін береді. Бұл ұлттық спорт түрлерінің өркендеуіне де оң ықпал етеді деп сенемін», – деді Мемлекет басшысы.

Президент балалардың спортпен және дене шынықтырумен айналысуына ерекше мән беру қажет екенін атап өтті.

«Балаларымыз міндетті түрде спортпен немесе дене шынықтырумен айналысуы керек. Бұл – жарқын болашағымыздың кепілі. Осы мақсаттың жалпыұлттық маңызы бар. Өйткені рухы мен тәні әлсіз халық ешқашан озық әрі дамыған ел құра алмайды. Бұл – ақиқат», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оның айтуынша, осы мақсатта спорт мектептеріндегі әр тәрбиеленушіге бөлінетін қаржы көлемі 233 мың теңгеден 415 мың теңгеге дейін, яғни екі есеге жуық көбейген.

«Былтыр 220 мыңнан астам бала мемлекет есебінен спорт секцияларына тегін барды. Осы мақсатқа 50 миллиард теңге бөлінді», – деді Президент.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қауіпсіздік кеңесінің қызметіне қатысты жаңа ереже бекітілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорда жұма күні мәлімдеді.

Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атанды

Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны әлемнің бірінші ракеткасы атануымен құттықтады. «WTA рейтингінде бірінші орынға көтерілуіңіз – айрықша талантыңыздың, орасан еңбегіңіз бен өз күшіңізге деген нық сеніміңіздің арқасында бағындырған биігіңіз.

Қазақстанда 10 мыңнан астам  жүргізуші көлік басқару құқығынан айырылды

Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелері мемлекеттік органдардың дерекқорларымен біріктірілгеннен кейін Қазақстанда 10 мыңнан астам адам жүргізуші куәлігінен айырылды. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспанов мәлімдеді.

Бітімге бастар келіссөз нәтиже бермеді

Президент Дональд Трамптың арнайы өкілдері жарты жылдан астам үзілістен кейін Мәскеу мен Киевке қайта барды. Осы сапарлар Украина мәселесін дипломатиялық жолмен реттеуге бағытталған келіссөздердің жаңа кезеңіне жол ашты. 2025 жылы АҚШ әкімшілігі Аляскада қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыра алмады. Сондықтан бұл жолғы келіссөздерден де айтарлықтай нәтиже шығады дегенге күмән бар. 2025 жылы Трамп Украина мәселесі бойынша келіссөздерге кіріскен кезде Иран дағдарысы әлі туындамаған еді. Ал Таяу Шығыстағы қақтығыстың нәтижесі Вашингтонның халықаралық келіссөздердегі бейтарап төреші ретіндегі беделіне нұқсан келтірді.