Евразия24ЖаңалықтарВаршава Минскімен қарым-қатынасты жақсартуға дайын – Польша СІМ басшысы

Варшава Минскімен қарым-қатынасты жақсартуға дайын – Польша СІМ басшысы

|

|

Минск. 23 қыркүйек. ИНТЕРФАКС – Польша Сыртқы істер министрі Радослав Сикорский Нью-Йоркте Беларусь СІМ басшысы Максим Рыженковпен келіссөзден кейін Варшаваның Беларусьпен қарым-қатынасты жақсартуға дайын екенін мәлімдеді.

«Бұл – бір-біріміздің ұстанымымызды білуге арналған алғашқы кездесу. Дегенмен басқа министрліктердің өкілдері арасында және өзге деңгейлерде де кездесулер өтіп жатыр. Жақын арада Минскіде елшілігіміздің жаңа ғимаратын ашамыз. Көрші ел қарым-қатынасты қайта жандандырып, жақсартуға ниет білдірсе, Польша әрдайым келісімге келуге дайын», – деді Сикорский RMF24 радиостанциясына берген сұхбатында.

Беларусьпен қарым-қатынас қалыпқа келе бастады деуге бола ма деген сұраққа Польша СІМ басшысы: «Бұл – күн райы қолайлы болса, бүр жарып шығатын бәйшешек секілді», – деп жауап берді.

Сикорский бұл кездесудің өзін «бетбұрыс» деп атады.

«Екі ел арасында мұндай деңгейдегі байланыс, шамасы, 2016 жылдан бері болмаған», – деді ол.

«Қазір шекарадағы жағдай бұрынғыға қарағанда тұрақталды. Әрине, бұған кейінгі үкіметтердің шекара қоршауын күшейтуге қаржы бөлуі де ықпал етті. Сонымен қатар саяси тұтқындар, оның ішінде Анджей Почобут та босатылды», – деді Польша СІМ басшысы.

Оның айтуынша, осы өзгерістер екі көрші елге қарым-қатынасты тұрақтандыру бағытында нақты қадамдар жасауға көбірек мүмкіндік беріп отыр.

Бұған дейін Беларусь СІМ екі елдің сыртқы саясат ведомстволарының басшылары Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы аясындағы жоғары деңгейлі сегментте кездескенін хабарлады.

Беларусь СІМ мәліметінше, Радослав Сикорскиймен кездесуде Беларусь пен Польша арасындағы қарым-қатынастың қазіргі жағдайы және оны екі ел халқының мүддесіне сай одан әрі дамыту жолдары талқыланды. Тараптар өңірдегі ахуал жөнінде де пікір алмасты.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Еурокомиссия Венгрияның заң үстемдігін нығайту жөніндегі шараларынан кейін 4,2 млрд еуроны бұғаттан шығаруды ұсынды

Еурокомиссия (ЕК) сәрсенбі күні Венгрияға ЕО-ның бірлік саясаты қорларынан 4,2 млрд еуро көлеміндегі қаражатты қайта қолжетімді етуді, сондай-ақ елдің Erasmus+ білім беру бағдарламасы мен «Көкжиек Еуропа» ғылыми зерттеулер және инновациялар бағдарламасына толық қатысуына мүмкіндік беруді ұсынды.

Қазақстан алдағы бес жылда АИИБ-ден шамамен $6 млрд тартуды жоспарлап отыр

Қазақстан Құрылтайы сәрсенбі күнгі отырыста «Қазақстан Үкіметі мен Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі (АИИБ) арасындағы әріптестік туралы негіздемелік келісімді ратификациялау туралы» заңды бірден екі оқылымда қарап, қабылдады.

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесі аппаратына бірқатар міндет жүктеді

Қазақстан Президенті, Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің аппараты дербес мемлекеттік орган болып құрылғаннан кейін оның қызметкерлерімен алғашқы кеңес өткізді, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Литва СІМ: ЕО санкцияларына байланысты Беларусь тыңайтқыштарын Еуропа арқылы АҚШ-қа тасымалдау мүмкін емес

Беларусь тыңайтқыштарын АҚШ-қа жеткізу жөнінде талқыланып жатқан келісімге Литваны қоса алғанда, Еуропалық одақтың ешбір елі қатыса алмайды. Бұл туралы Литва Сыртқы істер министрі Кястутис Будрис мәлімдеді.