Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан ғылыми зерттеулерге жұмсалатын шығынды ЖІӨ-нің 1%-ына дейін арттырады – Тоқаев

Қазақстан ғылыми зерттеулерге жұмсалатын шығынды ЖІӨ-нің 1%-ына дейін арттырады – Тоқаев

|

|

Астана. 30 қыркүйек. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан ғылыми зерттеулерге бөлінетін қаржыны жалпы ішкі өнімнің 1%-ына дейін арттырып, бизнестің университеттердегі зерттеулерге инвестиция салуына ынталандыратын тетіктер енгізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.

Германияның жетекші жоғары оқу орындарының ректорлары және ғылыми институттарының басшыларымен кездесуде Тоқаев білім, ғылым және технология салаларындағы алдағы ынтымақтастықтың үш негізгі бағытын атады. Президенттің айтуынша, бұл бағыттар білім алмасудан оны бірлесіп қалыптастыруға көшуге мүмкіндік береді.

Бірінші бағыт – бірлескен білім беру және қос диплом бағдарламаларын кеңейту.

«Біріншіден, серіктес оқу орындары арасындағы бірлескен білім беру және қос диплом бағдарламаларын кеңейтуіміз керек. Екі елдің студенттері мен зерттеушілерінің бірлесіп жұмыс істеуіне жаңа мүмкіндіктер ашу маңызды. Осыған байланысты елдеріміз арасындағы академиялық байланысты нығайтуға ықпал ететін арнайы білім алмасу бағдарламасын іске қосуды ұсынамын», – деді Тоқаев.

Екінші бағыт – бірлескен ғылыми зерттеулер.

«Еуропалық зерттеу кеңістігіне қосылуды көздейтін Қазақстан Horizon Europe бағдарламасына қауымдастырылған қатысушы ретінде кіру жөнінде келіссөз бастады. Еліміз жалпы бюджеті 300 млн еуродан асатын Шикізат материалдары жөніндегі еуропалық әріптестіктің толыққанды қатысушысы болып отыр. TiBeRIUM жобасы – осындай ынтымақтастықтың нақты мысалы. Биыл Horizon Europe бағдарламасы аясында 7,5 млн еуро көлемінде қаржыландырылып, Фрайберг тау-кен академиясының үйлестіруімен басталған жоба Шығыс Қазақстан техникалық университеті мен Үлбі металлургия зауытын біріктіреді. Жобаның мақсаты – титан мен бериллий өндірудің көміртегі шығарындылары төмен өндірістік тізбегін әзірлеу. Университеттерді, ғылым мен өнеркәсіпті тоғыстыратын, жеткізу тізбегін нығайтатын және шикізаттан қосылған құны жоғары өнімдер мен технологияларға көшуге мүмкіндік беретін осындай ынтымақтастықты кеңейтуіміз қажет», – деді Президент.

Үшінші бағыт ретінде Тоқаев технологиялар трансферін атады. Оның айтуынша, Қазақстан ғылыми зерттеулерге жұмсалатын шығынды ЖІӨ-нің 1%-ына дейін арттырып, сонымен қатар компаниялардың университеттердегі ғылыми зерттеулерге инвестиция салуына жағдай жасап жатыр.

Президент неміс кәсіпкерлерін бірлескен мекемелер жанынан инженерлік зертханалар мен технологиялар трансфері орталықтарын ашуға шақырды. Сондай-ақ Қазақстан мұндай бастамаларды бірлесіп қаржыландыру арқылы қолдауға дайын екенін жеткізді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан Құрылтайы Киберқылмыс туралы Будапешт конвенциясын ратификациялады

Қазақстан Құрылтайы сәрсенбі күнгі отырыста «Компьютерлік қылмыстар туралы конвенцияны ратификациялау туралы» заңды екі оқылымда қарап, қабылдады, деп хабарлады «Интерфакс-Қазақстан» тілшісі.

Қазақстан Құрылтайы ДСҰ аясындағы міндеттемелер тізбесіне енгізілген өзгерістерді ратификациялады

Қазақстан Құрылтайы сәрсенбі күнгі отырыста «1994 жылғы 15 сәуірдегі Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы Марракеш келісіміне Қазақстан Республикасының қосылуы туралы хаттамаға қосымша болып табылатын Қазақстан Республикасының көрсетілетін қызметтер жөніндегі ерекше міндеттемелер тізбесіне енгізілетін өзгерістерді ратификациялау туралы» заңды екінші оқылымда қабылдады.

Қазақстан мен Германия шамамен $2 млрд-тың 30-дан астам коммерциялық құжатына қол қойды – Тоқаев

Германияға сапар аясында жалпы сомасы шамамен $2 млрд болатын 30-дан астам коммерциялық құжатқа қол қойылды, деп хабарлады Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

АҚШ бастаған халықаралық коалиция Ирактағы миссиясын аяқтайды

АҚШ жетекшілік ететін халықаралық коалицияның Ирактағы «Ислам мемлекеті» (ИМ, РФ аумағында тыйым салынған) террористік тобына қарсы он жылдан астам уақытқа созылған миссиясы сәрсенбі күні аяқталады, деп хабарлады «Әл-Арабия».