Евразия24ЖаңалықтарАзия қор биржаларында индекстер әркелкі өзгеріп жатыр

Азия қор биржаларында индекстер әркелкі өзгеріп жатыр

|

|

Гонконг. 12 қазан. ИНТЕРФАКС – Дүйсенбі күнгі сауда барысында Азия-Тынық мұхиты аймағындағы қор индекстері әртүрлі бағытта өзгеріп жатыр.

Жапонияда мемлекеттік мерекеге байланысты қор биржалары жұмыс істемейді.

Мәскеу уақытымен сағат 8:14-те Қытайдың Shanghai Composite индексі 0,3 пайызға төмендеді. Ал Гонконгтың Hang Seng индексі алдыңғы сауда сессиясының жабылуындағы көрсеткіштен небәрі бірнеше тармаққа ғана жоғарылады.

Инвесторлар Қытай экономикасына қатысты маңызды деректер жарияланғанша әліптің артын бағып отыр. Сәрсенбі күні елдің қыркүйек айындағы сыртқы сауда көлемінің өзгерісі, сондай-ақ өндіріс пен тұтыну салаларындағы инфляция туралы мәліметтер жарияланады.

Гонконг қор биржасында бірқатар ірі компанияның акциялары айтарлықтай қымбаттады. Атап айтқанда, бейнеойын әзірлеуші Netease Inc. (SPB: NTES) компаниясының акциялары 3 пайызға, аккумулятор өндіруші CATL бағалы қағаздары 2,5 пайызға өсті. HSBC және China Merchants Bank банктерінің акциялары тиісінше 1,7 және 2,1 пайызға, ал интернет саудамен айналысатын Alibaba (SPB: BABA) компаниясының акциялары 1,5 пайызға қымбаттады.

Ал алтын өндіруші Laopu Gold компаниясының акциялары 7,5 пайызға арзандады. Тұрмыстық электроника мен электромобиль шығаратын Xiaomi (SPB: 1810) компаниясының бағалы қағаздары 5,5 пайызға, микрочип өндіруші Hua Hong Grace Semiconductor акциялары 4,6 пайызға, жылжымайтын мүлік саласындағы Lingfor компаниясының акциялары 4,1 пайызға төмендеді.

Оңтүстік Кореяның Kospi индексі Мәскеу уақытымен сағат 8:09-да 2,8 пайызға құлдырады.

Жұма күні елдегі қор нарығы мерекеге байланысты жұмыс істемеген еді. Сондықтан дүйсенбіде инвесторлар соңғы күндері Таяу Шығыстағы қақтығыстың қайта өршуіне қатысты жаңалықтарды саралап жатыр. Сарапшылардың айтуынша, аймақтағы шиеленістің күшеюі әлемдік нарыққа энергия ресурстарын жеткізуді одан әрі қиындатуы мүмкін.

Әлемдегі ең ірі микрочип пен смартфон өндірушілердің бірі Samsung Electronics компаниясының акциялары 3,6 пайызға арзандады. Сондай-ақ микрочип өндіруші SK Hynix бағалы қағаздары 3,1 пайызға, Hyundai Motor автоконцернінің акциялары 0,6 пайызға, түсті металл өндіруші Korea Zinc компаниясының акциялары 1,5 пайызға, ал болат өндіретін Posco компаниясының акциялары 2 пайызға төмендеді.

Ал аккумулятор өндіруші LG Energy Solution компаниясының акциялары 0,4 пайызға, Korean Air Lines әуе компаниясының бағалы қағаздары 1,3 пайызға қымбаттады.

Австралияның S&P/ASX 200 индексі 0,7 пайызға өсті.

Әлемдегі ең ірі тау-кен компанияларының қатарындағы BHP мен Rio Tinto компанияларының нарықтық құны тиісінше 2,4 және 1,4 пайызға артты.

Елдегі жетекші банктердің акциялары да қымбаттады. Атап айтқанда, ANZ акциялары 1,8 пайызға, Commonwealth Bank of Australia бағалы қағаздары 1 пайызға, National Australia Bank акциялары 2 пайызға, ал Westpac Banking акциялары 2,3 пайызға өсті.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Бельгияны Қазақстанның Еуропадағы сенімді серіктесі деп атап, оның тәжірибесін үлгі етуге шақырды

Тоқаев Бельгияны Қазақстанның Еуропадағы сенімді серіктесі деп атап, оның тәжірибесін үлгі етуге шақырды

Kazakhstan carry trade

2025 жылы Қазақстанға келген тікелей шетелдік инвестициялар мен елден шығарылған капиталдың арақатынасы алғаш рет теріс көрсеткішке түсті. ЕАЭО елдерінің ішінде мұндай жағдай тек Қазақстанда тіркелді. Бұл – тәуелсіздік жылдарында бұрын болмаған құбылыс.

Түркия тәжірибесі және Қазақстан

Биыл күзге қарай инфляция 9,3%-ға дейін баяулады. Былтыр бұл көрсеткіш 12,3% болған еді. Соған қарамастан, қымбатшылық жалақы мен зейнетақының өскенін іс жүзінде сездірмей отыр. Номиналды табыстың жылдық өсімі небәрі 0,7%-ды құрады. Бұл – ресми дерек. Ал халықтың күнделікті тұрмыс-тіршілігіне қарасақ, қазақстандықтардың едәуір бөлігінің әл-ауқаты жақсарудың орнына төмендеп бара жатқандай. Мұның бәрі қоғамдағы наразылықтың біртіндеп қордалануына әкеледі. Сондықтан бұл жағдай Үкіметті ғана емес, баршамызды алаңдатуы тиіс. Әсіресе әлемнің әр түкпіріндегі саяси және экономикалық ахуал барған сайын күрделеніп жатқан кезде ел ішіндегі тұрақтылықтың маңызы арта түседі. Биыл бағаның бұрынғыдай қарқынмен өспеуіне теңгенің нығаюы да едәуір ықпал етті. Алайда ұлттық валюта бағамы үнемі осы деңгейде сақтала бермейтіні анық.Теңге айналымға енгеннен бері оның долларға шаққандағы бағамы тұрақты түрде әлсіреп келді. Алғаш айналымға шыққан кезде бір доллар 4,7 теңге тұрған еді. 2022 жылы доллар бағамы 470 теңгеге жетіп, ұлттық валюта бастапқы құнымен салыстырғанда жүз есеге жуық арзандады. Ал былтыр қазанда доллар 550 теңгеге таяды.

Шаруаларға салынатын ҚҚС: Ұлттық экономика министрлігі депутаттарға не деп жауап берді?

Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы Азамат Әмрин Құрылтайдағы «Әділет» және «Ауыл» партиялары депутаттарының сауалына берген жауабында 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған қаржылық лизинг шарттарына ғана қосылған құн салығының 12% мөлшерлемесін сақтап қалуға негіз жоқ екенін мәлімдеді.