Евразия24Үздік бестікке енген ақпараттарСербиядағы жастар жеңісі: саяси өзгерістердің соңы не болмақ?

Сербиядағы жастар жеңісі: саяси өзгерістердің соңы не болмақ?

|

|

«Южная служба новостей» хабарлайды: «25 қазанда өткен сайлауда «Студенттер тізімі» 53 пайызға жуық дауыс жинап, парламенттегі 250 депутаттық мандаттың 139-ын иеленді. Вучич жеңілгенін мойындады. Ең қызығы да осы тұстан басталады. Британдық The Guardian басылымының Белградтан дайындаған репортажын «Бұл – Еуропа үшін маңызды нышан» деп атауы кездейсоқ емес. Жеңісті тойлауға көшеге ондаған мың адам шықты. 24 жастағы Сара журналистерге күні кеше полиция шерушілерді күшпен таратқан жерде енді олардың жеңімпаз ретінде тұрғанын айтып берді. Еуропа басшылары да қуаныштарын жасырмады. Урсула фон дер Ляйен «Студенттер тізімін» жеңісімен құттықтап, реформаларды қолдауға және «Сербияның Еуропалық одақтағы болашағына» жәрдемдесуге бірден уәде берді. Демек, Брюссель бұл жеңісті геосаяси тұрғыдан кімнің пайдасына шешілген оқиға деп қабылдап отырғанын болжау қиын емес. (…) Вучич ұзақ жылдар бойы Ресеймен және Қытаймен ерекше қарым-қатынасын сақтай отырып, Сербияны Еуропалық одаққа жақындатуға ұмтылды. Қытай инвестициясы, Ресей газы және Еуропа нарығы – әлемдегі ірі державалар мұндай көпвекторлы саясатқа түсіністікпен қарайтын кезең үшін өте тиімді үйлесім еді. Алайда ол кезең аяқталып келеді. Вучичке белгілі бір бағытты таңдаумен ғана шектелмей, әр таңдаудың елге қандай салдары болатынын халқына түсіндіру қажет еді. Оның орнына Сербия жұртшылығына жылдар бойы Еуропаға қосылудың келешегі туралы айтылып, Ресей мен Қытайды қосалқы тірек ретінде сақтап қалуға үміт артылды. (…) Reuters агенттігі Сербияның жаңа билігіне Ресей, Қытай және Еуропалық одақ арасындағы тепе-теңдікті сақтауға тура келетінін ашық жазды. Ал Брюссель Сербияның өзіне қарай бет бұруын қазірдің өзінде күтіп отыр».

 

Еуразия24 пікірі:

Алексей Беловтың сараптамалық мақаласын толық оқуға кеңес береміз. Автор шағын елдегі саяси өзгерістердің жеңіске жеткен тараптың өзіне де кері әсер етуі мүмкін екенін нақты мысалдармен көрсетеді.

Мақалада қазіргі саясаттағы өзекті мәселелердің бірі – жастардың қоғамдық-саяси өзгерістерге ықпалы мен олардың сыртқы күштердің ықпалына түсу қаупі де сөз болады.

Әділдік пен еркіндікке, жарқын болашаққа сеніп, қоғамды өзгертуге ұмтылу – бір мәселе. Ал сол күрестің нәтижесін түптің түбінде кім өз пайдасына жаратуы мүмкін екенін аңғару – басқа мәселе.

Мәселен, 2018 жылы Швецияның мектеп оқушысы Грета Тунберг климаттың өзгеруіне қарсы қабылданып жатқан шаралардың жеткіліксіздігіне наразылық білдіріп, жалғыз өзі шеруге шықты. Кейін оның бастамасы миллиондаған жасты біріктірген Fridays for Future халықаралық қозғалысына ұласты. Алайда автордың пайымдауынша, экологиялық мәселелер төңірегіндегі белсенділік уақыт өте келе ірі саяси мүдделерге, нарықтарды қайта бөлуге және қоршаған ортаны қорғау ұранымен қомақты қаржы бөлуге ықпал ететін құралға айналды.

Гретаның өзі климаттық апаттың алдын алу қажет екеніне шын ниетімен сенген болуы мүмкін. Дегенмен экологиялық жауапкершілікке үндеген бастамалармен қатар мемлекеттік субсидиялар, инвестициялар, энергетика нарықтары мен миллиардтаған қаржыға жасалатын келісімшарттар үшін бәсеке де күшейді.

Автор Сербиядағы сайлауда жеңіске жеткен жастар қозғалысы да осындай жағдайға тап болуы мүмкін деп есептейді. Еуропалық көшбасшылардың жаңа саяси күшке бірден қолдау білдіруін ол геосаяси мүдделермен байланыстырады. Оның пайымдауынша, Брюссель Сербиядағы өзгерістерді Ресей мен Қытайдың ықпалын әлсірету мүмкіндігі ретінде қарастырып отыр.

 

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қытай тәжірибесі және Қазақстанның даму келешегі

 Қытайда жаңғырудың басты мақсаты – бүкіл халықтың тұрмысын жақсартып, ортақ игілікке қол жеткізу. «Қытай тәжірибесін сол күйінде қайталау міндет емес. Ең бастысы – оның тиімді тұстарын өз қажетімізге жарата білу», – деді саясаттанушы Юрий Булуктаев. «Әділетті Қазақстанды құру және Қытайдың жаңғыру тәжірибесі: жаңа «алтын отызжылдыққа» қадам» атты ғылыми конференцияға қатысқан сарапшылар Қытайда тиімділігі дәлелденген, Қазақстанда да қолдануға болатын көптеген тәсілді ортаға салды. «Даму – барлық түйткілдің шешімін табуға жол ашатын алтын кілт», – деді Қытай Халық Республикасының Алматыдағы бас консулы Су Фанцю. Дипломат өз баяндамасында елді жаңғырту Қытай мен Қазақстан үшін бірдей маңызды міндет екенін атап өтті.

«Халықтық құрылысты» мемлекеттік комиссия бақылайтын болады

Бұл жолғы редакциялық мақаламыз, әрине, Президенттің 28 қазанда халыққа арнаған Жолдауына арналмақ. Мемлекет басшысы Қазақстанды ауқымды құрылыс алаңына айналдырып, экономиканы жаппай цифрландыруды көздеп отыр. Екі бастаманың да игілігін қалың жұртшылық көруге тиіс.

Франциядағы тәртіпсіздіктер кезінде ондаған шеруші мен полиция қызметкері зардап шекті

Сенбі күні Францияда болған тәртіпсіздіктер кезінде 80-ге жуық адам жарақат алды, деп хабарлады жексенбі күні Le Figaro газеті.

Иранның соққыларынан Таяу Шығыстағы АҚШ-тың 26 әскери базасы мен нысаны зардап шекті

Иран АҚШ-пен қақтығыс барысында Таяу Шығыстағы америкалық 26 әскери база мен нысанды қиратқан немесе зақымдаған. Соның салдарынан әскери техника мен жабдықтарға миллиардтаған доллар шығын келген, деп хабарлады The Associated Press агенттігі хабардар дереккөздер мен спутниктік мәліметтерге сілтеме жасап.