Евразия24Үздік бестікке енген ақпараттарАуыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласының экспорты 33 пайыздан астам өсті

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласының экспорты 33 пайыздан астам өсті

|

|

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлайды: «Қазақстанның аграрлық экспортындағы өңделген өнімдердің үлесі 54 пайыздан асты. Елімізде қосылған құны жоғары ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын ұлғайту бағытында жүйелі жұмыс жүргізіліп келеді. 2026 жылдың алғашқы сегіз айында агроөнеркәсіп кешенінің өңделген өнімдер экспорты 3,04 млрд АҚШ долларына жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 35,1 пайызға артық. Осының нәтижесінде аграрлық экспорттың жалпы құнындағы өңделген өнімдердің үлесі 54,1 пайызға жетті. Яғни ауыл шаруашылығы саласының экспорттан түсетін табысының жартысынан астамы өңделген өнімдер есебінен қалыптасып отыр. Бұл отандық аграрлық экспорт құрылымының сапалық тұрғыдан өзгеріп, қазақстандық өнімдердің сыртқы нарықтағы бәсекеге қабілеттілігі артып келе жатқанын көрсетеді. Экспорт көлемінің өсуіне елеулі үлес қосып отырған негізгі бағыттардың бірі – астық өңдеу саласы. 2025/2026 маркетингтік жылы астық пен ұн экспорты астыққа шаққанда рекордтық 16 млн тоннаға жетті».

 

Еуразия24 пікірі:

Өңделген өнімнің қосылған құны жоғары. Сондықтан экспорт көлемінің 35,1 пайызға артуы – айтарлықтай жетістік. Әсіресе Қазақстанның агроөнеркәсіп кешені ұзақ жылдар бойы шикізат экспортына тәуелді болғанын ескерсек, бұл көрсеткіштің маңызы зор.Мұнда экспорт көлемінің ұлғаюынан бөлек, оның құрылымындағы өзгерістер де маңызды. Ауыл шаруашылығы өнімдерін сыртқа сатудан түсетін табыстың жартысынан астамы өңделген тауарлардың үлесіне тиіп отыр. Бұл ішкі нарықтың да отандық өніммен қамтылып, елімізде өңдеу өнеркәсібінің дамып келе жатқанын аңғартады.

Өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 2025 жылы да өскен. Демек, бұл өсім белгілі бір маусыммен шектелмей, тұрақты сипат алып келеді. Атап айтқанда, 2026 жылғы ақпанда Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров 2025 жылдың 11 айында өңделген өнімдер экспорты 3,2 млрд долларға жеткенін мәлімдеген болатын. Сол кезеңдегі өсім 33,8 пайызды құраған.

Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінде әлі де пайдаланылмаған мүмкіндік мол. Өсімдік майын, ет және сүт өнімдерін өңдеу ісі де қарқын алып келеді. Еліміз ақыры сыртқы нарықта келешегі зор осы салада өндірістік әлеуетін нығайтып, бәсекеге қабілеттілігін арттыра бастады.

 

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Кредит беру тәртібі қатаң бақылауға алынады

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) екінші деңгейдегі банктердің қарыз алушыларға қатысты борыш жүктемесінің коэффициентін (БЖК) дұрыс есептеуін тексеруге арналған Debt Service Review (DSR) тұрақты қадағалау рәсімін іске қосады.

Триллиондаған қаржы бөлінсе де, жол сапасы неге түзелмейді?

Президент 28 қазандағы Жолдауында жол құрылысы саласын қатаң сынаған еді. Арада көп уақыт өтпей, жол саласына жауапты мекемелер асфальттың мерзімінен бұрын бүлінуіне ауыр жүк көліктері кінәлі екенін алға тартты. «ҚазАвтоЖол» басқарма төрағасы Дархан Иманашев аса ауыр техниканың жалпы пайдаланымдағы жолдарға шығуын шектеуді ұсынды. Бұл ұсыныс Мемлекет басшысының құрылыс сапасына қатысты жауапкершілікті өзгелерге ысыруды тоқтату жөніндегі талабынан кейін бірден айтылды. Ал 2 қарашада Бас прокуратура алдын ала есеп бойынша 8 млрд теңгеден астам шығын келтірілген 33 іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады. Тексеру барысында мемлекеттік тапсырыс берушілердің мердігерлер кепілдік берген жолдарды жөндеуге қайтадан тендер жариялағаны анықталды. Ендеше Қазақстандағы жолдардың мерзімінен бұрын бүлінуіне шын мәнінде не себеп болып отырғанын және оған кім жауапты екенін қарастырайық.

Путиннің орнына тағы бір Путин келеді

«Батыс Украинаны қолдаудан бас тартса, не болады?»   Ресейлік тарихшы, саясаткер, қоғам қайраткері әрі «Савромат» шығармашылық лақапатымен танымал видеоблогердің кезекті бейнематериалы осылай аталады.

Qarmet өндірісті жаңғыртуға жоспарланған 3,5 млрд доллардың 2,7 млрд доллардан астамын жұмсады

Қазақстандық Qarmet металлургия комбинаты өндірісті жаңғыртуға жоспарланған 3,5 млрд доллардың 2,7 млрд доллардан астамын инвестициялады. Бұл туралы Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.