Евразия24ЖаңалықтарҚұрылтай Азия даму банкінен 3,4 млрд юань қарыз алу туралы келісімді ратификациялау...

Құрылтай Азия даму банкінен 3,4 млрд юань қарыз алу туралы келісімді ратификациялау жөніндегі заңды қабылдады

|

|

Астана. 4 қараша. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Құрылтайы сәрсенбі күнгі отырысында Қазақстан Республикасы мен Азия даму банкі (АДБ) арасындағы 3,4 млрд юань қарыз туралы келісімді ратификациялау жөніндегі заңды екі оқылымда қарап, қабылдады. Бұл туралы агенттік тілшісі хабарлады.

«Мемлекет басшысының биылғы 13 тамыздағы Жарлығына сәйкес, 2026 жылғы 11 қыркүйекте 3,4 млрд Қытай юані (227,4 млрд теңге) көлемінде қарыз алу туралы келісімге қол қойылды. Бұл қаражат Үкіметтің бірінші кезектегі шараларын іске асыруға, көлік инфрақұрылымын, өнеркәсіп пен білім беруді және басқа да басым бағыттарды қаржыландыруға мүмкіндік береді», – деді заңды таныстырған Қазақстанның қаржы министрі Мәди Такиев.

Министрдің айтуынша, АДБ Қазақстанға қарызды 15 жылға береді. Оған үш жылдық жеңілдік кезеңі де кіреді. Қарыз бойынша сыйақының жалпы мөлшерлемесі жылдық 1,69%-ды құрайды. Қазақстан қарызға қызмет көрсету және оны өтеу шығындарын келісімде белгіленген қаржылық шарттарға сәйкес республикалық бюджеттен төлейді.

Такиев Қазақстанның Азия даму банкіне 1994 жылы мүше болғанын еске салды. Қазақстанның банктегі үлесі – 0,805%. Тартылған инвестицияның жалпы көлемі шамамен 8,7 млрд АҚШ долларына жетті. Министрдің пікірінше, банктің қарыз беруі халықаралық деңгейде Қазақстанға деген сенімнің жоғары екенін көрсетеді.

«Мемлекеттік қаржыны басқару тұжырымдамасында борыш бойынша белгіленген көрсеткіштердің нақты мәндері рұқсат етілген шектен аспайды. Жетекші рейтинг агенттіктері елімізге жоғары кредиттік рейтинг беріп, болжамын тұрақты деп бағалады. Бұл Қазақстанның қаржылық орнықтылығын растайды», – деді қаржы министрі.

Оның айтуынша, ірі халықаралық қаржы ұйымдарының сарапшылары Қазақстанның мемлекеттік борыш деңгейін «қалыпты» деп бағалайды. Сарапшылардың пікірінше, борыштың қазіргі деңгейі оны басқаруға және ұзақ мерзімді экономикалық өсімді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Заң Қазақстан Президентінің қол қоюына жіберілді.

4 қарашадағы ресми бағам бойынша 1 АҚШ доллары 453,26 теңгеге тең.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Есепте арзандаған дәрі дәріханада қымбат: үкімет нарықты ретке келтірмек

Қазақстанда дәрі-дәрмек жалпы инфляциядан әлдеқайда жылдам қымбаттап жатыр. Алайда Денсаулық сақтау министрлігі әрбір төртінші препараттың бағасы төмендегенін мәлімдейді. Бұл қайшылық 3 қарашада халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесі қаралған үкімет отырысынан кейінгі баспасөз конференциясында байқалды. Дегенмен шенеуніктер тек баға жайын сөз еткен жоқ. Олар мемлекеттік сатып алуда миллиардтаған теңге үнемделгенін айтып, жаңа фармацевтикалық өндірістер ашылатынын, тегін дәрі-дәрмекпен қамту аясы кеңейіп, цифрлық бақылау күшейетінін хабарлады. Мұның бәрі, сөзсіз, маңызды. Бірақ қазақстандықтар осы қамқорлықтың игілігін көре ме? Мәселенің мәніне үңіліп көрейік.

Песков Ресейдің ТМҰ-ға қатысуы туралы пікір білдірді

Ресейдің Түркі мемлекеттері ұйымына қатысуы қисынды әрі орынды болар еді. Бұл туралы РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді. Оның айтуынша, Мәскеуге әзірге ресми шақыру түспеген.«Ресейдің Түркі мемлекеттері ұйымына қатысуына келсек, өздеріңіз білетіндей, Ресейдің бірқатар өңірінде тарихи шығу тегі жағынан түркі халықтары тұрады», – деді Песков.

Өзгенің баласын өз атына жаздырған ер адам енді одан бас тарту үшін Конституциялық сотқа жүгінді

Астанадағы Конституциялық сотта судья-баяндамашы Айжан Жатқанбаеваның төрағалығымен баланың анасымен ажырасқаннан кейін өзінің әкелігін даулап отырған ер адамның өтініші қаралып жатыр. Ол баланың биологиялық әкесі емес.

Еңбек министрлігі: сынақ мерзімі жалақы төлемеуге негіз емес

Жұмыс беруші қызметкерді жұмысқа қабылдағанда оның кәсіби дағдыларын және тапсырылатын жұмысқа сәйкестігін бағалау үшін сынақ мерзімін белгілей алады. Алайда сынақ мерзімі азаматтардың еңбек құқықтарын шектемейді.