Евразия24Басты бет
Минск Батысқа ескерту жасады


Минск Батысқа ескерту жасады

|

|

Бейбітшіл мемлекет дегеніміз – зиянсыз да, дәрменсіз де ел емес, дұшпанына төндіретін қатерін өз бақылауында ұстай білетін халықаралық қауымдастық мүшесі. Осы ойды ұжымдық Батыстағы серіктестеріне Еуразиялық қауіпсіздік жөніндегі IV Минск халықаралық конференциясына қатысушылар жеткізуге тырысты. «Шиеленіс әр елді де, әр адамды да алаңдатпай қоймайтын деңгейге жетті», – деп мәлімдеді Беларусь Президенті Александр Лукашенко. Ал Еуропада соңы немен тынарын ойламастан «соғыс ойнап» жүр.
«Көне әлемдік тәртіп көз алдымызда күйреді, ал жаңасы әлі қалыптасқан жоқ», – деп атап өтті Беларусь басшысы.

Еуропада 2030 жылы Ресеймен соғыс болады деген пікірдің белсенді таратылып жатқанына тоқталған Александр Лукашенко: «Батыс бұл қандай қақтығыс болатынын түсіне бермейтін шығар», – деп ерекше назар аударды.Беларусь Президенті БҰҰ-ның халықаралық құқықтың сақталуын қамтамасыз етіп, күш құқығына төтеп бере алатын тетік қызметін атқара алмай отырғанына өкініш білдірді. «Бір кездері Ұлттар лигасы дәл осы – Екінші дүниежүзілік соғыстың алдын ала алмағандықтан ыдырап кетті», – деп еске салды ол.
«Әзірге көз алдымызда әлемді қайта бөлу жалғасып жатыр. Мұның басты себебі – ресурстар үшін күрес пен жауапсыз бәсеке», – деп Александр Лукашенко қазіргі кезеңді сипаттады. Парасатқа жүгіну бүгінде халықаралық аренадағы басым бағыт болмаса да, Минск басшысы Венесуэла президенті мен оның жұбайын тұтқынға алу, Иран көшбасшысын отбасы мүшелерімен бірге өлтіру, ешкімге әскери қатер төндірмейтін Кубадағы қолданыстағы саяси жүйені құлатуға тырысу сияқты әрекеттердің аяғы апатты салдарға апаратынын еске салды.
Беларусь президенті Ресейдің Украинамен емес, іс жүзінде бүкіл Батыспен соғысып жатқанынан жақсы хабардар екенін айтты (Еуразия24: жалдамалы әскерлердің құрамына қарағанда, тек Батыспен ғана емес). Оның пікірінше, Дональд Трамптың Шығыс Еуропадағы соғысты қандай себеппен тоқтатуға тырысып жатқаны маңызды емес. Ақ үй басшысының ядролық соққы алмасуға ұласып кетуі мүмкін шиеленісті бәсеңдетуге күш салып жатқаны – оң жайт.

Қауіпті үдеріс тоқтатылмаса, соғыс өрті Беларусьқа, Польшаға, Түркияға және әзірге «қоршаудың арғы жағында» тұрған барлық елге жайылады. Александр Лукашенко Украинадағы және Таяу Шығыстағы соғыс барысында әлі тікелей араласпаған мемлекеттерге шет қалып отыруға мүмкіндік бермейтін оқиғалар орын алуы мүмкін екеніне назар аударды.
«Оқиғалардың әртүрлі өрбуіне, тіпті, өкінішке орай, ең пессимистік болжамдарға да дайынбыз», – деді ПИР-Орталығының директоры Владимир Орлов. Арнайы механизмдер, соның ішінде «бөтен» ядролық қолшатырға қосылу арқылы ядролық қарудың таралу мәселесіне тоқталған маман: «Жаңа ядролық «тоғыздықпен» немесе «он екілікпен» өмір сүру келешегі Мәскеуді де, Вашингтонды да, Бейжіңді де сүйсіндіріп отырған жоқ», – деп атап өтті. Профессор Орлов Ресейдің ядролық қаруды таратпау мәселелері бойынша диалогқа дайын екенін алға тартады.
«Жұмысымыздың негізінде «Шанхай рухының» қағидаттары жатыр – бұл өзара сенім, өзара тиімділік, теңдік, кеңесу, мәдениеттердің әртүрлілігін құрметтеу және бірлесе дамуға ұмтылу», – деп ШЫҰ Бас хатшысы Нұрлан Ермекбаев атап өтті . Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер кез келген келіспеушіліктер мен дауларды бейбіт жолмен шешуді қолдайды.
Тәжірибелік тұрғыда бұл шаралар Бішкектегі саммитте ережелері бекітілген ШЫҰ-ның мамандандырылған орталықтары арқылы жүзеге асады. Сөз қауіпсіздікке төнетін сынақтар мен қатерлерге қарсы іс-қимыл жөніндегі Ұжымдық орталық және Есірткіге қарсы орталықтың Атқарушы комитеті туралы болып отыр.

ШЫҰ-ның қорғаныс саласы бойынша әскери бағыттағы ынтымақтастықтың «Жол картасын» жүзеге асыру көзделген. Әскери саладағы сенім шаралары жөніндегі келісім бойынша жұмыстар жалғасуда. «Қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту мүддесінде тиісті көпжақты жұмыстардың негізі қаланды», – деп түйіндеді сөзін Ермекбаев.
Халықаралық конференция барысында айтылған маңызды идеялардың ішінде Қырғызстан Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Асеин Исаев баса назар аударған «экономикалық бөлінбестік және технологиялық дамуға тең қолжетімділік» мәселесін бөле-жара айтуға болады. Сондай-ақ баяндамашы өзара жауапкершілік пен қабылданған шешімдерді орындау міндеттілігінің маңыздылығын атап өтті.

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Ресей Қауіпсіздік кеңесі Францияның ЕО мен НАТО елдерінің бірқатарын ядролық қорғанысқа алу жоспарына алаңдаушылық білдірді

Ресей Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары Александр Венедиктовтің айтуынша, Еуропалық одақ әскери-саяси блокқа айналып барады. Ол Францияның ЕО мен НАТО-ға мүше бірқатар елді ядролық қаруымен қорғау жоспары Ресейді алаңдатып отырғанын мәлімдеді.

Пентагон Трамптың Флоридадағы резиденциясын дрондардан қорғау үшін лазерлік қондырғы орналастырды – БАҚ

АҚШ әскері президент Дональд Трамптың Флоридадағы Мар-а-Лаго резиденциясының әуе қорғанысы жүйесіне ұшқышсыз аппараттарды атып түсіруге арналған LOCUST лазерлік қондырғысын қосты. Бұл туралы The War Zone басылымы хабарлады.

Құрылтай ветеринарлардың жалақысын көтеруді көздейтін заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Қазақстан Құрылтайы сәрсенбі күнгі отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ветеринария мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Құрылтай Азия даму банкінен 3,4 млрд юань қарыз алу туралы келісімді ратификациялау жөніндегі заңды қабылдады

Қазақстан Құрылтайы сәрсенбі күнгі отырысында Қазақстан Республикасы мен Азия даму банкі (АДБ) арасындағы 3,4 млрд юань қарыз туралы келісімді ратификациялау жөніндегі заңды екі оқылымда қарап, қабылдады. Бұл туралы агенттік тілшісі хабарлады.