Токио. 12 қараша. ИНТЕРФАКС – Бейсенбі күнгі сауда қорытындысы бойынша Азия-Тынық мұхиты аймағының қор индекстері төмендеді.
Жапонияның Nikkei 225 индексі 0,7%-ға төмендеді. Бұған дейін индекс қатарынан үш сауда сессиясын өсіммен аяқтаған болатын.
Жапония банкінің мәліметінше, қазан айында елдегі өндірушілер бағасы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,1%-ға, ал алдыңғы айға қарағанда 0,7%-ға өсті. Trading Economics деректеріне сәйкес, сарапшылар бұл көрсеткіштердің тиісінше 6,5% және 0,3% деңгейінде өсетінін болжаған.
Чип өндіруші Kioxia және Murata Manufacturing компанияларының акциялары тиісінше 2,8% және 4,3%-ға арзандады. Чиптерді сынауға арналған жабдық шығаратын Advantest компаниясының бағалы қағаздары 4,6%-ға, жартылай өткізгіштер өнеркәсібіне арналған компоненттер өндіретін Lasertec пен Renesas Electronics акциялары тиісінше 2,2% және 2,8%-ға төмендеді. Ал инвестициялық-технологиялық SoftBank Group компаниясының акциялары 3%-ға құлдырады.
Технология секторына америкалық Nvidia Corp. (SPB: NVDA) акцияларының арзандауы кері әсер етті. Бұған чип өндіруші компанияның директорлар кеңесі бас атқарушы директор Дженсен Хуанды қызметінен босатуы мүмкін деген ақпарат себеп болды.
Nissan Motor акциялары 3,8%-ға арзандады. Автокөлік өндіруші компания шілде-қыркүйек айларында таза шығынын 2,4 есе қысқартып, түсімін 8,2%-ға арттырған. Соған қарамастан, компания автокөлік сату жөніндегі болжамын бұрын күтілген 3,15 млн данадан 2,97–3 млн данаға дейін төмендетті.
Қытайдың Shanghai Composite индексі 0,7%-ға төмендеді. Бұған дейін ол төрт күн қатарынан өскен болатын. Ал Гонконгтың Hang Seng индексі 1,3%-ға түсті.
Hang Seng индексі құрамындағы компаниялар арасында ең көп арзандаған интернет-ритейлер Alibaba (SPB: BABA) болды. Оның акциялары 6,8%-ға төмендеді.
Түсті және бағалы металдар өндіретін CMOOC (-4,3%), Zijin Mining Group (-3,5%) және Laopu Gold (-3,5%) компанияларының акциялары да айтарлықтай арзандады. Автокөлік өндіруші Li Auto (SPB: LI) мен BYD акциялары тиісінше 3,9% және 2,4%-ға төмендеді.
Ал Hua Hong Grace Semiconductor чип өндірушісінің акциялары 2,5%-ға, Budweiser Brewing Co. APAC Ltd сыра өндірушісінің бағалы қағаздары 2,2%-ға, Haidilao International Holding мейрамханалар желісінің акциялары 1,4%-ға қымбаттады.
Оңтүстік Кореяның Kospi индексі 0,6%-ға төмендеді.
SK Hynix чип өндірушісінің акциялары 1,8%-ға, Posco болат өндірушісінің бағалы қағаздары 0,5%-ға, LG Energy Solution аккумулятор өндірушісінің акциялары 1,8%-ға арзандады. Korea Zinc түсті металдар өндірушісінің акциялары 1,9%-ға, ал Hyundai Motor автокөлік компаниясының бағалы қағаздары 2,2%-ға төмендеді.
Сонымен қатар әлемдегі ең ірі чип және смартфон өндірушілердің бірі Samsung Electronics компаниясының акциялары 1%-ға қымбаттады.
Аустралияның S&P/ASX 200 индексі бір күнде 0,1%-дан аз төмендеді.
Уран өндіруші Deep Yellow және Boss Energy компанияларының акциялары тиісінше 7,4% және 9,4%-ға құлдырады. Литий өндіретін Elevra Lithium мен Liontown компанияларының бағалы қағаздары 8,4% және 7%-ға арзандады.
Әлемдегі ең ірі тау-кен өндіруші компаниялардың қатарындағы BHP және Rio Tinto компанияларының нарықтық капиталдандыруы тиісінше 1,3% және 2,1%-ға қысқарды.
Акция бағасының өсуі бойынша Domino’s Pizza Enterprises көш бастады. Пиццериялар желісінің иесі қорытынды дивидендтерді 1,5 еседен астам арттырғаны туралы хабарлағаннан кейін компания акциялары 12,9%-ға қымбаттады.
Ал Xero компаниясының акциялары 6,1%-ға өсті. Бұған ақпараттық технологиялар компаниясының жалпы сомасы 1 млрд аустралиялық долларға (683 млн АҚШ доллары) дейінгі акцияларды кері сатып алу (buyback) бағдарламасын жариялауы себеп болды.




