Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан Үкіметі мен «Яндекс» платформалық жұмыспен қамтуды дамыту жайын сөз етті

Қазақстан Үкіметі мен «Яндекс» платформалық жұмыспен қамтуды дамыту жайын сөз етті

|

|

Астана, 9 шілде. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАНҚазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов «Яндекс» компаниясының бас директоры Даниил Шулейко және Yandex Qazaqstan жобасының жетекшісі Тимур Шалекеновпен кездесу барысында елдегі технологиялық жобаларды дамыту және платформалық жұмыспен қамту бағыттарын талқылады. Бұл туралы Үкімет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз хабарламасында атап өтілгендей, Yandex Qazaqstan бастамасымен іске қосылған платформалық жұмыспен қамту моделі үкіметтің өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың салықтық реттеу механизмдерін әзірлеуі аясында өзекті сипат алып отыр.

Еліміздегі алғашқы салық агенті болып «Яндекс Такси» тіркелді. Өткенжылдың қыркүйегінде іске қосылған сәттен бастап, платформада тіркелгендер саны 86 мың адамға жетті. Жобаға 4,9 млрд теңгеден астам инвестиция салынды, ал агент ретінде компания 4,3 млрд теңге көлемінде салықты ұстап, бюджетке аударды»,делінген хабарламада.

Премьер-министр азаматтарға қолайлы цифрлық шешімдерді енгізу жөнінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын еске сала отырып, үкіметтің платформалық жұмыспен қамтуды реттеуде әлеуметтік қорғау, салық салу және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен фрилансерлердің құқықтық мәртебесіне қатысты жаңа тәсілдерге мүдделі екенін атап өтті.

«Бұл секторды көлеңкеден шығарып, белсенді экономикаға тарту үшін 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа салық режиміне кезең-кезеңмен көшу маңызды. Бұлжүздеген мың азаматымызға қатысты мәселе»,деді Бектенов.

«Яндекс» бас директоры Даниил Шулейко компанияның Қазақстанда технологиялық бастамаларды дамытуды жалғастыру ниетін растады.

Кездесу барысында сондай-ақ қалааралық жолаушылар тасымалы сервисін дамыту жоспарлары сөз болды. Бүгінде Yandex Qazaqstan ел бойынша негізгі бағыттардың басым бөлігін қамтып отыр.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, жол қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінуде. Жолаушылар мен жүргізушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жүргізуші куәлігін тексеру, селфи-бақылау, көлік құралдарының фото тексерісі енгізілген. Жүйе жүргізушінің жылдамдығын, шаршау деңгейін және өзге де параметрлерді бақылайды. Бұзушылықтар мен жол-көлік оқиғалары, бағыттан ауытқулар нақты уақыт режимінде тіркеліп, қадағаланады.

Сонымен қатар, пилоттық режимде 1414 call-орталығында қазақ және орыс тілдерінде жұмыс істейтін жасанды интеллектке негізделген дауыстық көмекші іске қосылып жатыр.

Жедел жәрдем шақыруларын қалалық картада визуализациялау жобасы да дамуда.

Бұған дейін хабарланғандай, 2024 жылы Yandex Qazaqstan тарапынан төленген салық көлемі 29,5 млрд теңгені құраған. 2016 жылдан бері компанияның Қазақстан экономикасына салған жиынтық инвестициясы 225 млрд теңгеден асқан.

9 шілдедегі ресми валюта бағамы – 1 АҚШ доллары үшін 519,58 теңге.

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Үстел теннисінен 2027 жылғы әлем чемпионаты Астанада өтеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) президенті Петра Сёрлингті қабылдады. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Канада Украинаға арналған 90 млрд еуролық несие бағдарламасына қосылуы мүмкін

Канада Украинаға 90 млрд еуро көлемінде несие беруге арналған бағдарламаға қатысуға ниет білдірді. Қазір бұл мәселе Еурокомиссиямен талқыланып жатыр. Бұл туралы Еурокомиссия өкілі Балаш Уйвари мәлімдеді.

Доллар иенаға қатысты айтарлықтай нығайды

Жұма күні АҚШ доллары иенаға шаққанда айтарлықтай қымбаттап, еуро мен фунтқа қатысты аздап нығайды.

Венесуэланың 4 млрд долларлық алтыны Лондоннан Нью-Йоркке көшірілуі мүмкін

АҚШ-тың арағайындығымен келіссөз жүргізіп жатқан Венесуэланың уақытша үкіметі мен оппозициясы елдің 31 тонна алтын қорын Лондоннан Нью-Йоркке көшіру жөнінде уағдаласуға жақын. Алтынның жалпы құны шамамен 4 млрд доллар. Бұл туралы Financial Times (FT) дереккөздеріне сүйеніп жазды.