Евразия24СаясатРесейлік сарапшы Тоқаевты жаһандық деңгейдегі көшбасшы деп атады

Ресейлік сарапшы Тоқаевты жаһандық деңгейдегі көшбасшы деп атады

|

|

Ресейлік саясаттанушы Қасым-Жомарт Тоқаевты жаһандық деңгейдегі беделді көшбасшы деп атады. Бұл туралы Gazeta.ru басылымында жарияланған колонкада саясаттану ғылымдарының кандидаты, РесейҚазақстан баспасөз орталығының сарапшысы Виталий Млечин мәлімдеді. Млечиннің пікірінше, Тоқаевшынайы өмірге бейім саясаткер, сөздерінде жасандылық жоқ. Сонымен қатар, сарапшы Қазақстан Президентінің қазақ-ресей қарым-қатынастарын одан әрі нығайтуға ұмтылысын атап өткен. Ол Тоқаевтың Берлинде Германия канцлері Олаф Шольцпен кездесуінде айтқан мәлімдемесін еске салды: «Қазақстан – «антиРесей» саясатын ұстанбайды. Біз Ресеймен жан-жақты ынтымақтастықты жалғастыру бағытын берік ұстанамыз. Бізді әлемдегі ең ұзын шекара біріктіреді».

Евразия24 пікірі:

Касым-Жомарт Тоқаев президенттік қызметке кіріспей тұрып-ақ халықаралық аренада мінсіз беделге ие болған. Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының түлегі, болашақ президент 1975–2007 жылдары дипломатиялық қызметте жұмыс істеп, кейінірек БҰҰ құрылымдарында басшылық лауазымдар атқарған. Мұндай дипломатиялық тәжірибесі бар мемлекет басшысының саяси элита назарынан тыс қалуы мүмкін емес еді. Оның үстіне, Тоқаев әрдайым сөзіне берік саясаткер ретінде танылып келеді. Сондықтан да, беделді саясаттанушылардың Қазақстан Президентінің салмағы жайлы пікірлері – әсірелеу емес, нақты шындық.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

АҚШ Иран маңында ірі әскери-теңіз күштерін ұстап отыр

Иран маңында әскери міндеттерін орындап жүрген АҚШ Әскери-теңіз күштерінің құрамында қазір кемінде 20 жауынгерлік кеме бар. Бұл туралы АҚШ Әскери-теңіз институтының ақпарат қызметі хабарлады.

Канада АҚШ тауарларына жауап ретінде баж енгізуге дайындалып жатыр

Канада премьер-министрі Марк Карни сейсенбі, 25 тамызда АҚШ тауарларына жауап ретінде баж енгізілетінін жариялауы мүмкін. Бұл туралы дереккөзге сілтеме жасаған Associated Press хабарлады.

Ресей мен АҚШ ХҒС жобасы аяқталғаннан кейін де ғарыш саласындағы ынтымақтастықты жалғастыруы мүмкін

Роскосмос» пен NASA Халықаралық ғарыш станциясының (ХҒС) жұмысы аяқталғаннан кейінгі бірлескен жобаларды талқылады. Келіссөз барысында тараптар ғарыш техникасына қатысты бірқатар техникалық мәліметпен өзара бөліскен.

«Әділет» сайлауда 71,17% дауыс жинап, Құрылтайдағы 110 мандатқа ие болды

Құрылтайға өту үшін белгіленген 5 пайыздық межеден бес партия өтті. Сайлауда «Әділет» партиясы айқын басымдықпен жеңіске жетті, деп хабарлады Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров.