Евразия24ЖаңалықтарЖапония үкіметі тұрғындарды цунами қаупі бар аймақтардан эвакуациялауға шақырды

Жапония үкіметі тұрғындарды цунами қаупі бар аймақтардан эвакуациялауға шақырды

|

|

Токио. 30 шілде. ИНТЕРФАКС – Жапония Министрлер кабинетінің Бас хатшысы Ёсимаса Хаяси цунами қаупі жарияланған өңірлердің тұрғындарын биік аймақтарға немесе эвакуациялық орталықтарға дереу көшуге шақырды.

«Хоккайдо мен Вакаяма префектураларының Тынық мұхит жағалауына цунами қаупі жөнінде ескерту жарияланды, және цунамидің биіктігі 3 метрге дейін жетуі мүмкін», – деді ол мәлімдемесінде.

Оның айтуынша, цунами алғашқы толқынынан кейінгі екінші немесе үшінші толқын әлдеқайда күшті болуы мүмкін. Сондықтан ескерту алынбайынша, қауіпсіз жерде болу қажет екенін ескертті.

Жапонияның метеорологиялық агенттігі де жағалаудағы халықты эвакуациялауға шақырды.

JR East және JR Central теміржол компаниялары цунами туралы ескертуден кейін кейбір пойыздардың қозғалысын уақытша тоқтатты.

АҚШ Президенті Дональд Трамп Гавайи, Аляска және АҚШ-тың Тынық мұхит жағалауындағы тұрғындарды цунамидің ықтимал қаупі туралы ескертуге назар аударуға шақырды.

«Тынық мұхитында болған жойқын жер сілкінісіне байланысты Гавай аралдары үшін цунами ескертуі жарияланды. Аляска мен АҚШ-тың Тынық мұхит жағалауы бойынша цунами бақылауы жүргізілуде», – деп жазды Трамп Truth Social желісінде.

Ол Жапонияның да қауіп аймағында екенін айтып өтті. Азаматтарды ресми сайттардан ақпаратты қадағалауға және қауіпсіздікті сақтауға шақырды.

Жапония метеорологиялық агенттігі сәрсенбі күні таңертең Камчатка маңында болған күшті жер сілкінісінен кейін елдің Тынық мұхит жағалауына цунами қаупі туралы ескерту жариялады.

Жапонияның солтүстігіндегі Хоккайдо аралында жерасты дүмпулері жапондық жеті балдық сейсмикалық шкала бойынша 2 балл деңгейінде тіркелді.

Хоккайдоның шығысындағы Нэмуро қаласында жергілікті уақыт бойынша 10:30-да (Мәскеу уақытымен 4:30) биіктігі 30 сантиметр болатын цунами байқалды.

Камчатка маңындағы қуатты жер сілкінісінен кейін Филиппин мен Индонезия да цунами қаупі жөнінде ескерту жариялады.

Филиппиннің жанартау және сейсмология институтының дерегінше, Тынық мұхиты бағытына қараған кейбір жағалауларда толқын биіктігі 1 метрден аспауы мүмкін. Алғашқы толқындар сәрсенбі күні жергілікті уақытпен 13:20 мен 14:40 аралығында жетеді деп күтілуде.

Индонезияның геофизикалық агенттігі де сәрсенбі күні күндіз елдің кейбір өңірлеріне 0,5 метрден төмен цунами толқындары соғуы мүмкін екенін хабарлады.

Айта кетейік, сәрсенбі күні Камчатка маңында болған бұл жер сілкінісі 1952 жылдан бергі ең күштісі саналады. Әр түрлі деректер бойынша, оның магнитудасы 8,7-ге дейін жеткен.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Иран Пикакс тауындағы жерасты нысанының қорғанысын күшейтіп жатыр

Иран Пикакс тауының астындағы ядролық бағдарламамен байланыстырылатын нысанның кіреберістерін қосымша бекіте бастаған. Вашингтондағы Ғылым және халықаралық қауіпсіздік институты (ISI) 11 қыркүйекте түсірілген спутниктік суреттерді зерттеп, осындай қорытындыға келді.

SpaceX 28 қыркүйекте Starship-ті алғаш рет Жер орбитасына ұшырады

Ай мен Марсқа адам ұшыру үшін жасалып жатқан Starship ғарыш кемесі 28 қыркүйекте алғаш рет Жер орбитасына шығады. SpaceX мәліметінше, бұл жолы кеме бұған дейінгі сынақтардағыдай суборбиталық бағытпен шектелмей, Жерді толық айналып ұшады.

Азия қор нарықтарының басым бөлігі өсіп жатыр

Жұма күні Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі қор индекстерінің басым бөлігі жоғарылап келеді. Австралия нарығында ғана аздаған төмендеу байқалды.

Еурокомиссия Украинаға дрондар мен зымырандар сатып алуға 3,3 млрд еуро бөледі

Еуропалық комиссия Украинаға қару-жарақ сатып алуға 3,3 млрд еуро аударатынын мәлімдеді. Қаражат Украинаға қолдау көрсетуге арналған 90 млрд еуролық несие бағдарламасы аясында жұма күні Киевке беріледі.