Евразия24Таңдаулы жаңалықтарБизнесті басып тұрған факторлар

Бизнесті басып тұрған факторлар

|

|

EconomyKZ.org порталы хабарлайды: United Research Technologies Group(URTG) зерттеу компаниясы 2025 жылдың маусым айының екінші жартысымен шілде айының бірінші жартысында жүргізілген «Қазақстандағы ШОБ бизнес-барометрі» атты кешенді зерттеу нәтижелерін ұсынды. Зерттеу ағымдағы жағдайды және 2025 жылдың III тоқсанына арналған бизнес болжамдарын бағалауға бағытталған. Зерттеу нәтижелері соңғы үш тоқсан қатарынан іскерлік белсенділіктің төмендеуі мен ШОБ секторындағы жағдайдың әлсіреуі тенденциясының тұрақты сақталып отырғанын көрсетеді. Өндірістік секторлар бойынша іскерлік белсенділік индексі (ІБИ) соңғы жеті тоқсан ішіндегі ең төменгі деңгейге дейін түсті, ал қызмет көрсету секторларындағы ІБИ – соңғы бес тоқсан ішіндегі ең төменгі көрсеткішке жеткен. Шілде айында Салық кодексіне енгізілген өзгерістер қабылданғаннан кейін экономикалық саясаттағы өзгерістерге байланысты туындаған шиеленіс сәл бәсеңдегенімен, жалпы алғанда, бизнеске кедергі келтіретін факторлар деңгейі жоғары.

Евразия24 пікірі:

United Research Technologies Group (URTG) компаниясы жүргізген Қазақстандағы бизнес ахуалына қатысты жаңа зерттеуге 500 кәсіпкерлік субъектісі қатысқан. Бұл – елдегі жалпы бизнес қауымдастығын толық қамтымайды, дегенмен, елеулі көлемді білдіреді.

URTG сарапшылары жасаған қорытындылар жуырда жарияланған 2024 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Үкімет есебіне қатысты Жоғарғы аудит палатасының (ЖАП) пікіріндегі бірқатар тұжырымдармен үндес. Бұл қорытындыға жеке талдау алдағы материалда жарияланатын болады. Дегенмен, негізгі тұжырымдардың бірі мынадай: «ЖІӨ-нің формалды өсімі жоғары инфляциямен, инвестициялық саладағы алаңдатарлық белгілермен, салалық статистикадағы қайшылықтармен және құрылымдық проблемалардың сақталуымен қатар жүрді».

Мұнда бизнес-климат емес, жалпы экономикалық жағдай сипатталғанымен, URTG зерттеуінің нәтижелерімен мазмұндық үндестігі айқын. ЖАП қорытындысы 2024 жылға арналған болса, URTG деректері 2025 жылдың екінші жартыжылдығына қадам басқан сәттегі бизнестің нақты көңіл-күйін көрсетеді. Сондықтан бұл көрсеткіштер Үкімет үшін елеулі сигнал болуға тиіс.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Еуропаның қор индекстері төмендеп жатыр

АҚШ-тың Ирандағы Кешм аралына шабуыл жасағаны туралы хабарлардан кейін мұнай бағасы көтеріліп, сейсенбі күні Батыс Еуропаның ірі елдеріндегі акциялар нарығы төмендеді.

Еурокомиссия басшысы экологиялық таза экономикаға көшуді Еуропа тәуелсіздігінің кепілі деп санайды

Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен Еуроодақтың экологиялық таза экономикаға көшу бағытынан айнымайтынын мәлімдеді. Оның пікірінше, бұл – Еуропа тәуелсіздігінің кепілі.

Финляндиядан кейін Норвегия да Ресей хоккейшілерімен ойнаудан бас тартты

Норвегия хоккей қауымдастығы ұлттық құрамасының 2027 жылғы мамырда Германияда өтетін әлем чемпионатында Ресей құрамасымен ойнамайтынын мәлімдеді. Бұл туралы сейсенбі күні еуропалық БАҚ хабарлады.

«Қазатомөнеркәсіп» басшысы Тоқаевқа компанияның жұмыс нәтижелері мен жоспарлары туралы баяндады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповтың компанияның ағымдағы қызметі мен стратегиялық басымдықтарының іске асырылуы жөніндегі есебін тыңдады.