Евразия24ЖаңалықтарЕуропа Украинаны қолдауды және Ресейге қарсы қысымды жалғастыратынын жариялады

Еуропа Украинаны қолдауды және Ресейге қарсы қысымды жалғастыратынын жариялады

|

|

БРЮССЕЛЬ. 10 тамыз. ИНТЕРФАКС – Еуропа АҚШ президенті Дональд Трамптың Украинадағы қақтығысты реттеу жөніндегі дипломатиялық бастамаларын құптай отырып, табысқа тек Украинаға әскери және қаржылай қолдауды әрі қарай жалғастыру және Ресейге қысымды күшейту арқылы қол жеткізуге болатынын мәлімдеді. Бұл туралы бірқатар еуропалық мемлекеттер мен Еуропалық комиссия басшылығы бірлескен мәлімдемесінде атап өтті.

«Біз соғысты тоқтату мақсатында белсенді дипломатияны, Украинаны қолдауды және Ресей Федерациясына қысым жасауды ұштастырған тәсіл ғана тиімді нәтиже беретініне сенімдіміз», – делінген Франция, Италия, Ұлыбритания, Финляндия, Германия, Польша мемлекеттерінің көшбасшылары және Еурокомиссия төрағасының, Ресей мен АҚШ президенттерінің жоспарланған кездесуіне орай жарияланған ортақ мәлімдемесінде.

Еуропалық саясаткерлер Украина егемендігін қорғау үшін «сенімді әрі берік қауіпсіздік кепілдіктерін» беру қажеттігін атап өтті, сондай-ақ «халықаралық шекаралар күш қолдану арқылы өзгертілмеуі тиіс» деген қағидатқа берік екендерін растады. Олар «Украинадағы бейбітшілікке апарар жолды бұл елдің қатысуынсыз анықтау мүмкін емес» екенін де қоса айтты.

«Қазіргі байланыс сызығы келіссөздер үшін бастапқы нүкте болуы тиіс», – деп атап өтті мәлімдеме авторлары.

Құжатта Еуропа «Украинаның жағында қала беретінін және ортақ мүдделерді алға жылжытуға берік ниетті екенін» мәлімдеген.

«Біз Украинадағы бейбітшілік жолында президент Трамп және Америка Құрама Штаттарымен, сондай-ақ президент Зеленский мен украин халқы­мен тығыз ынтымақтастықты жалғастырамыз», – делінген мәлімдемеде.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Эстонияның Ресеймен шекарасында дрондарды анықтайтын алғашқы радарлар іске қосылды

Эстония мен Ресей шекарасының Нарва және Нарва-Йыэсуу қалалары арасындағы бөлігінде ұшқышсыз ұшу аппараттарын анықтайтын алғашқы радарлар жұмыс істей бастады.

Путин Ресей мен КХДР қарым-қатынасы бұрын-соңды болмаған жоғары деңгейге жеткенін мәлімдеді

Ресей мен Солтүстік Корея арасындағы қарым-қатынас бұрын-соңды болмаған жоғары деңгейге көтерілді. Бұл туралы Ресей президенті Владимир Путин КХДР Мемлекеттік істер төрағасы Ким Чен Ынды елдің ұлттық мерекесі – Азаттық күнімен құттықтауында мәлімдеді.

Марокко билігі Сеута шекарасын заңсыз кесіп өтпек болған мигранттарды ұстады

Марокконың қауіпсіздік күштері сенбі күні 111 мигранттың елдің солтүстігіндегі Испанияға қарасты Сеута қаласының шекарасына жету әрекетінің жолын кесті. Олардың басым бөлігі Сахараның оңтүстігіндегі Африка елдерінен келген.

Тоқаев Модиді Үндістанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай елдің премьер-министрі Нарендра Модиге құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.