Евразия24ҚоғамҚСЗИ: Тоқаевқа халық сенімі – 82,4%

ҚСЗИ: Тоқаевқа халық сенімі – 82,4%

|

|

ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ хабарлайды: «Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты (ҚСЗИ) 2024 жылғы 11 шілде мен 12 тамыз аралығында халық арасында кең ауқымды сауалнама жүргізді. Іріктемелік жиынтық көлемі – 8 000 респондент. Сауалнамаға 18 жастан асқан, еліміздің 17 облысы мен республикалық маңызы бар Астана, Алматы және Шымкент қалаларының тұрғындары қатысты. Сауалнама нәтижелері бойынша, респонденттер арасында Президент институтына деген қоғамдық сенім деңгейі жоғары екені байқалады». Мемлекет басшысы тұрақты түрде сенім рейтингісінің көш басында келеді – Президент Тоқаевқа халықтың 82,4%-ы сенім білдіреді. Ең жоғары сенім деңгейі 18-29 жас аралығындағы жастар арасында тіркелген – 90,3%. Одан кейінгі орындарда 30-45 жас аралығы – 82,4%, 46-60 жас аралығы – 78,6% және 61 жастан жоғары азаматтар – 77,8%. Ауыл тұрғындары Мемлекет басшысына қалалықтарға қарағанда сәл жоғары сенім білдіреді – тиісінше 84,9% және 80,9%. Сонымен қатар, респонденттердің табыс деңгейі мен жұмыспен қамтылу дәрежесіне қарамастан, Президентке деген сенім көрсеткіші шамалас деңгейде сақталған.

Евразия24 пікірі:

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент лауазымында қызмет еткен жылдары елдегі қарапайым азаматтардың көңіл күйі мен әл-ауқаты ол үшін әрдайым басым бағыт екенін бірнеше рет көрсетті. Мәселен, «Қаңтар оқиғасы» кезінде Мемлекет басшысының тапсырмасымен жаппай тәртіпсіздіктердің салдары мемлекеттік бюджет есебінен өтелді. Ал 2024 жылғы көктемгі су тасқыны кезінде Президенттің үндеуіне үн қосқан бүкіл ел жұрты зардап шеккен ондаған мың азаматқа қолдау көрсетіп, көмек ұсынды. Алматы қаласындағы №1 балалар үйінің тәрбиеленушілерін көшірумен байланысты туындаған дау мен жетім балалардың құқықтарының бұзылуы да Президент Тоқаевты бей-жай қалдырмады. Бұл мәселеде Мемлекет басшысының тікелей араласуы балалар тағдырының әділ шешілуіне себеп болды. Осындай адами әрі шынайы қадамдар – үлкен саясаткердің мейірімді әрі жауапты бейнесін айшықтап, халықтың оған деген сенімін арттыра түседі. Сондықтан да мұндай жағдайлардың социологиялық зерттеулерде көрініс табуы – заңды құбылыс.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Украинадағы қақтығысты реттеу жөніндегі қазіргі келіссөздер күтілгеннен нәтижелі болуы мүмкін

Қазіргі кезеңде Ресей, АҚШ және Украина арасындағы келіссөздер көпшілік күткендегіден анағұрлым нәтижелі болуы ықтимал

Египет пен Түркия байланыстарды стратегиялық әріптестік деңгейіне көтеріп, қару-жарақ өндірісі мен барлау саласында ынтымақтастық орнатуды жоспарлап отыр

Египет пен Түркия өзара қатынастарды стратегиялық әріптестік деңгейіне көтеруді, қару-жарақты бірлесіп өндіруді және барлау деректерімен алмасуды көздеп отыр

Қазақстан Мәжілісі еңбек құқықтарын қорғауға қатысты түзетулерді қабылдады. Құжатта әкелерге берілетін бала күтімі демалысын еңбек өтіліне есепке алу ұсынылады

Қазақстан Мәжілісі еңбек құқықтарын қорғауға қатысты түзетулерді қабылдады. Құжатта әкелерге берілетін бала күтімі демалысын еңбек өтіліне есепке алу ұсынылады

Қазақстан Мәжілісі ЕАЭО мен Моңғолия арасындағы уақытша сауда келісімін ратификациялауды мақұлдады

Қазақстан Парламенті Мәжілісі сәрсенбі күні өткен жалпы отырыста «Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер, бір тараптан, және Моңғолия, екінші тараптан, арасындағы уақытша сауда келісімін ратификациялау туралы» заңды қабылдады.