Евразия24ЖаңалықтарБрюссель әуежайының жолаушыларды тіркеу және отырғызу жүйесі кибершабуылға ұшырады

Брюссель әуежайының жолаушыларды тіркеу және отырғызу жүйесі кибершабуылға ұшырады

|

|

Брюссель, 20 қыркүйек. ИНТЕРФАКС. Брюссельдегі халықаралық «Завентем» әуежайының баспасөз қызметі сенбі күні жолаушыларды тіркеу мен ұшаққа отырғызу жүйесіне қызмет көрсететін сыртқы жеткізуші компанияға жасалған кибершабуыл салдарынан бірқатар рейстердің кешіктірілгенін және кейбірінің тоқтатылғанын хабарлады.

«Қызмет көрсетуші компания ақауды жою үшін белсенді жұмыс жүргізіп жатыр және мәселені барынша тез шешуге ұмтылуда», – деп келтіреді La Libre Belgique газеті әуежай өкілінің сөзін.

Басылымның жазуынша, шабуыл Брюссельмен қатар бірнеше еуропалық әуежайға әсер еткен.

Жүйе толық қалпына келгенше, жолаушыларды тіркеу мен отырғызу қолмен жүргізілуде, бұл өз кезегінде рейстердің кестесіне елеулі ықпал етіп отыр.

Сенбі күні Брюссель әуежайынан шамамен 35 мың жолаушының ұшуы жоспарланған болатын.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Үстел теннисінен 2027 жылғы әлем чемпионаты Астанада өтеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) президенті Петра Сёрлингті қабылдады. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Канада Украинаға арналған 90 млрд еуролық несие бағдарламасына қосылуы мүмкін

Канада Украинаға 90 млрд еуро көлемінде несие беруге арналған бағдарламаға қатысуға ниет білдірді. Қазір бұл мәселе Еурокомиссиямен талқыланып жатыр. Бұл туралы Еурокомиссия өкілі Балаш Уйвари мәлімдеді.

Доллар иенаға қатысты айтарлықтай нығайды

Жұма күні АҚШ доллары иенаға шаққанда айтарлықтай қымбаттап, еуро мен фунтқа қатысты аздап нығайды.

Венесуэланың 4 млрд долларлық алтыны Лондоннан Нью-Йоркке көшірілуі мүмкін

АҚШ-тың арағайындығымен келіссөз жүргізіп жатқан Венесуэланың уақытша үкіметі мен оппозициясы елдің 31 тонна алтын қорын Лондоннан Нью-Йоркке көшіру жөнінде уағдаласуға жақын. Алтынның жалпы құны шамамен 4 млрд доллар. Бұл туралы Financial Times (FT) дереккөздеріне сүйеніп жазды.