Евразия24ЖаңалықтарТоқаев Түрікменстанды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Тоқаев Түрікменстанды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

|

|

АСТАНА. 27 қыркүйек. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовке құттықтау жеделхатын жолдап, оны және бүкіл түрікмен халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

«Жеделхатта қазақ-түрікмен ынтымақтастығының жоғары қарқыны атап өтіліп, бұл қатынастардың бірлескен күш-жігердің нәтижесінде жаңа практикалық мазмұнмен толығып келе жатқаны және стратегиялық әріптестік рухына, екі халықтың мүдделеріне толық сай келетіні айтылған», – делінген хабарламада.

Президент Тоқаев мемлекеттер арасындағы жан-жақты қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға ниетті екенін білдіре отырып, Сердар Бердімұхамедовке бауырлас Түрікменстанның игілігі мен өркендеуі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне сәттілік тіледі.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

ЕО Ресейге қарсы жаңа санкциялар әзірлеп жатыр, бірақ диалогқа да дайындалуда

Еуропалық Одақ Ресейге қатысты 21-санкциялар пакетін әзірлеуді жалғастырып жатыр, сонымен қатар Мәскеумен ықтимал келіссөздерге де дайындалуда. Бұл туралы Урсула фон дер Ляйен мәлімдеді.

Иран Ормуз бұғазы арқылы өтетін кемелерден сақтандыру төлемін енгізуі мүмкін

Иран болашақта Ормуз бұғазы арқылы өтетін кемелерден сақтандыру төлемін алу құқығын өзінде қалдыратынын мәлімдеді.

Қазақстанда аңшылық пен жануарлар дүниесін қорғау саласындағы заңнама жетілдірілді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жануарлар дүниесін қорғау, орман және аңшылық шаруашылығы мәселелеріне қатысты заңға және оған ілеспе құжатқа қол қойды.

АҚШ пен Иран келіссөздері кейінге шегерілді

АҚШ пен Иран арасында жұма күні Швейцария аумағында өтуі жоспарланған келіссөздер кейінге қалдырылды. Бұған Израиль армиясының Ливан оңтүстігіндегі «Хезболлаға» қарсы соққылары себеп болғаны хабарланды.