Евразия24ЖаңалықтарОңтүстік-Шығыс Азиядағы су тасқындарынан мыңнан астам адам қаза тапты

Оңтүстік-Шығыс Азиядағы су тасқындарынан мыңнан астам адам қаза тапты

|

|

Дубай. 1 желтоқсан. ИНТЕРФАКС – «Дитва» тропикалық циклонының салдарынан Индонезия, Таиланд, Малайзия және Шри-Ланкада орын алған су тасқындары бір апта ішінде мыңнан астам адамның өмірін қиды, деп хабарлайды «Аль-Джазира».

Индонезияда 502 адамның қаза тапқаны және жүздеген адамның із-түзсіз жоғалғаны туралы мәлімет келтірілген. Ел президенті Прабово Субианто журналистерге берген сұхбатында үкіметтің су тасқыны зардабын шеккен елді мекендерге жедел көмек көрсету үшін әуе күштерін жұмылдырғанын айтты.

«Су тасқынынан оқшауланып қалған бірнеше ауыл қалды, Алла қаласа, оларға да жетеміз», – деді Субианто.

Шри-Ланкада 335 адам қаза тапты. Аралдың әскери ұшқыштары су тасқынына ұшыраған Лунувила қаласы тұрғындарына көмек көрсету кезінде апатты жағдайда қону жасаған тікұшақтың ұшқышы қаза тапқанын хабарлады.

Шри-Ланка билігі төтенше жағдай режимін енгізіп, тасқын салдарын жою үшін халықаралық қауымдастықтан көмек сұрады.

Таиланд билігі елдің оңтүстігінде 176 адамның көз жұмғанын мәлімдеді. Ауа райы апатына қарсы шараларға қатысты қоғам наразылығынан кейін екі жергілікті шенеунік қызметінен босатылған.

Су тасқыны Таиландпен шекаралас Малайзияның Перлис штатын да қамтыды. Мұнда үш адамның қаза тапқаны хабарланды.

Циклон «Дитва» өңірге ұзаққа созылған жаңбыр әкеліп, 2025 жылғы қарашаның соңында Үнді мұхитында қалыптасып, 29 қарашада ең жоғары күшіне жеткен. Желдің жылдамдығы секундына 20,8 метрге дейін жетті. 30 қарашада циклон «терең депрессия» деңгейіне дейін әлсіреді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Кедейлік шегін белгілеу Еңбек министрлігінің құзыретіне берілмек

ҚазТАГ мәліметінше, Қазақстанда кедейлік шегін айқындау тәртібіне өзгеріс енгізілмек. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұйрығының жобасында Әлеуметтік кодекстен алынып тасталған бірқатар норманы ведомстволық құжатқа енгізу көзделген. 

Қазақстан экономикасы: ЕАДБ сарапшыларының бағасы

Еуразиялық даму банкінің (ЕАДБ) қыркүйек айындағы макроэкономикалық шолуы көпшіліктің назарынан тыс қалды. Ал құжатта энергетика нарығындағы күйзелістердің әлі де жалғасып жатқаны және соның салдарынан әлемдік экономикада елеулі өзгерістер жүріп жатқаны айтылады. Маусым айында біз ЕАДБ-ның 2026–2028 жылдарға арналған болжамына тоқталған едік . Сарапшылардың күмәніне қарамастан, банк Қазақстанда да, жалпы өңірде де экономикалық тұрақтылық сақталып, өсім жалғасады деп болжаған болатын. Содан бері үш ай өтті. Осы аралықта геосаяси ахуал әлі де тұрақталған жоқ. Ендеше ЕАДБ сарапшыларының бағалауынша, осы үш айда экономикалық жағдай қаншалықты өзгерді?

Бюджеттің мұнай кірістеріне тәуелділігі азаймай тұр

Kursiv мәліметінше, 2026 жылдың алғашқы сегіз айында республикалық бюджет тапшылығы 2,683 трлн теңгеге жеттіЖоспарда осы кезеңге 2,929 трлн теңге қарастырылған еді. Нақты көрсеткіш жоспардан 246,6 млрд теңгеге төмен болды.

Ақмола облысында 72 жастағы әйел бас бостандығынан айырылды

Макинск қаласының зейнеткер тұрғыны 300 трамадол таблеткасын заңсыз сатып алып, сақтағаны үшін 2 жыл 4 айға бас бостандығынан айырылды.