Евразия24ЖаңалықтарАҚШ пен Украина арасындағы екі күндік келіссөздер айтарлықтай нәтиже бермеді

АҚШ пен Украина арасындағы екі күндік келіссөздер айтарлықтай нәтиже бермеді

|

|

Вашингтон. 6 желтоқсан. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф пен Джаред Кушнердің Украина Қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Рустем Умеров және Украина Қарулы күштері Бас штабының бастығы Андрей Гнатовпен Майамиде өткен екі күндік келіссөздері айтарлықтай нәтиже әкелген жоқ, деп хабарлайды Bloomberg агенттігі.

АҚШ Мемлекеттік департаменті келіссөздерге қатысты «пікір алмасу сындарлы өтті» деген қысқаша мәлімдеме таратты.

Алайда Bloomberg дерегінше, «консультациялардағы оң өзгерістерге қарамастан, тараптар арасындағы келіссөздерде жаңа серпін беретіндей айтарлықтай ілгерілеу байқалмады».

Соған қарамастан, агенттік тараптардың қауіпсіздік шаралары мен тұрақты бейбітшілікті қамтамасыз ету үшін қажетті тежеу құралдары бойынша жалпы тұжырымдамалық түсіністікке келгенін жағымды нәтиже ретінде атап өтеді.

Мемлекеттік департамент хабарлауынша, екі тарап «Ресей тарапынан ұзақмерзімді бейбітшілікке байыпты түрде бейілділік танытуы – оның ішінде деэскалация бағытында нақты қадамдар жасауы – кез келген келісімге қол жеткізу үшін басты шарт екенін» мойындады.

Келіссөздер сенбі күні жалғасатын болып келісілді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related


Минск Батысқа ескерту жасады

Бейбітшіл мемлекет дегеніміз – зиянсыз да, дәрменсіз де ел емес, дұшпанына төндіретін қатерін өз бақылауында ұстай білетін халықаралық қауымдастық мүшесі. Осы ойды ұжымдық Батыстағы серіктестеріне Еуразиялық қауіпсіздік жөніндегі IV Минск халықаралық конференциясына қатысушылар жеткізуге тырысты. «Шиеленіс әр елді де, әр адамды да алаңдатпай қоймайтын деңгейге жетті», – деп мәлімдеді Беларусь Президенті Александр Лукашенко. Ал Еуропада соңы немен тынарын ойламастан «соғыс ойнап» жүр. «Көне әлемдік тәртіп көз алдымызда күйреді, ал жаңасы әлі қалыптасқан жоқ», – деп атап өтті Беларусь басшысы.

Ресей Қауіпсіздік кеңесі Францияның ЕО мен НАТО елдерінің бірқатарын ядролық қорғанысқа алу жоспарына алаңдаушылық білдірді

Ресей Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары Александр Венедиктовтің айтуынша, Еуропалық одақ әскери-саяси блокқа айналып барады. Ол Францияның ЕО мен НАТО-ға мүше бірқатар елді ядролық қаруымен қорғау жоспары Ресейді алаңдатып отырғанын мәлімдеді.

Пентагон Трамптың Флоридадағы резиденциясын дрондардан қорғау үшін лазерлік қондырғы орналастырды – БАҚ

АҚШ әскері президент Дональд Трамптың Флоридадағы Мар-а-Лаго резиденциясының әуе қорғанысы жүйесіне ұшқышсыз аппараттарды атып түсіруге арналған LOCUST лазерлік қондырғысын қосты. Бұл туралы The War Zone басылымы хабарлады.

Құрылтай ветеринарлардың жалақысын көтеруді көздейтін заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Қазақстан Құрылтайы сәрсенбі күнгі отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ветеринария мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.