Евразия24ЖаңалықтарМәжіліс коммуналдық меншікке қарасты энергия өндіруші ұйымдарды салық салу мәселелері бойынша түзетулерді...

Мәжіліс коммуналдық меншікке қарасты энергия өндіруші ұйымдарды салық салу мәселелері бойынша түзетулерді қабылдады

|

|

Астана. 10 желтоқсан. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі сәрсенбі күнгі пленарлық отырыста екі оқылымда бірден қарап, «Қазақстан Республикасының Бюджетке төленетін салықтар мен өзге де міндетті төлемдер туралы» кодексіне (Салық кодексі) коммуналдық меншікке тиесілі энергия өндіруші ұйымдарға салық салу мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» заңды қабылдады.

Мәжілістің қаржы және бюджет комитетінің қорытындысында көрсетілгендей, құжат депутаттар бастамасымен әзірленген. Оның мақсаты – коммуналдық меншікке тиесілі, электр энергиясын, су (дистиллят) және жылу энергиясын өндіру қызметін қатар жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйымдарға бөлінетін мемлекеттік субсидияларды толық игеруге жағдай жасау.

Түзетуге сәйкес, салық салу мақсатында табыс ретінде танылмайтын қаражаттар тізбесіне үкімет резервінен және жергілікті атқарушы органдардан бөлінетін субсидиялар, сондай-ақ 100% акциясы мемлекетке тиесілі, коммуналдық меншікке жататын және электр энергиясын, су (дистиллят) және жылу энергиясын өндірумен қатар айналысатын энергия өндіруші ұйымдарға берілетін гранттар немесе өзге де өтеусіз көмек енгізіледі.

Бұған қоса, түзету шеңберінде үкімет резервінен және жергілікті атқарушы органдардан бөлінетін субсидиялар, гранттар немесе өзге де өтеусіз көмек есебінен жүзеге асырылған шығыстар шегерімге жатқызылмайтыны белгіленді. Бұл норма 100% акциясы мемлекетке тиесілі, коммуналдық меншікке қарасты энергия өндіруші ұйымдарға қолданылады.

Қабылданған заң Сенаттың қарауына жіберілді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстанда мәдениет саласы бойынша екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Шәмші Қалдаяқов» медалі мен «Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі» құрметті атағын мемлекеттік наградалар қатарына енгізу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлады.

Лула да Силва мен Болсонару Бразилиядағы сайлау науқанын бастады

Бразилия президенті Луис Инасиу Лула да Силва жексенбі күні өзінің сайлау науқаны басталғанын жариялады, деп хабарлайды ЭФЭ агенттігі.

Бельгиядағы қорық аумағында орман өрті 3 мың гектар жерді шарпыды

Өткен жұмада Бельгияның Арденна өңіріндегі Жоғарғы Фенн қорығында басталған орман өрті жексенбіге қарай 3 мың гектарға жуық таулы орман алқабын шарпыды, деп RTBF телеарнасы хабарлайды.

CENTCOM басшысы Таяу Шығыста бірқатар елдің басшыларымен келіссөздер өткізді

АҚШ Қарулы күштері Орталық қолбасшылығының (CENTCOM) басшысы Брэд Купер Таяу Шығыс елдеріне жасаған 10 күндік сапарын аяқтады. Сапар барысында ол өңір басшыларымен кездесіп, Таяу Шығыста орналасқан америкалық әскери қызметшілермен жүздесті, деп хабарлады қолбасшылық.