Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан жаһандық су ұйымын құруды ұсынды

Қазақстан жаһандық су ұйымын құруды ұсынды

|

|

АСТАНА. 12 желтоқсан. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, ел су ресурстары саласындағы жаһандық мәселелерді жүйелі шешу үшін халықаралық су ұйымын құруды ұсынады. Бұл бастама 2025 жылдың сәуірінде Астанада өтетін өңірлік экологиялық саммит барысында халықаралық консультациялар түрінде іске қосылады.

«Жалпы алғанда, су дипломатиясы мемлекетаралық тығыз үйлестіруді талап етеді. Қазіргі халықаралық институттар, негізінен, тар мандат шеңберінде бытыраңқы жұмыс істейді, бұл күннен-күнге ушығып келе жатқан су проблемаларының ауқымына сай келмейді», – деді Тоқаев жұма күні Ашхабадта өткен Бейбітшілік пен сенім форумында.

Мемлекет басшысының айтуынша, БҰҰ жүйесінде тек су мәселесіне арнайы маманданған құрылым жоқ.

«Сондықтан Қазақстан БҰҰ-ның түрлі ұйымдарының бар мандатын біріктіретін халықаралық су ұйымын құруды ұсынады. Ең тиімді шешім – UN Water атты мекемеаралық механизмді БҰҰ аясындағы дербес агенттік немесе толыққанды ұйымға айналдыру болуы мүмкін», – деді Тоқаев.

Оның пікірінше, бұл бастама БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына толық сай келеді және халықаралық қауымдастықтың мүдделеріне жауап береді.

«Келесі жылдың сәуір айында Астанада өңірлік экологиялық саммит өтеді. Қазақстан осы жиында жаһандық су ұйымын құру жөніндегі халықаралық консультациялар процесін бастауды жоспарлап отыр. Ортақ саяси ерік-жігердің арқасында су мәселелері қазіргі фрагменттік сипатта емес, жүйелі түрде шешіле бастайтынына сенімдімін», – деп түйіндеді Президент.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Үстел теннисінен 2027 жылғы әлем чемпионаты Астанада өтеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) президенті Петра Сёрлингті қабылдады. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Канада Украинаға арналған 90 млрд еуролық несие бағдарламасына қосылуы мүмкін

Канада Украинаға 90 млрд еуро көлемінде несие беруге арналған бағдарламаға қатысуға ниет білдірді. Қазір бұл мәселе Еурокомиссиямен талқыланып жатыр. Бұл туралы Еурокомиссия өкілі Балаш Уйвари мәлімдеді.

Доллар иенаға қатысты айтарлықтай нығайды

Жұма күні АҚШ доллары иенаға шаққанда айтарлықтай қымбаттап, еуро мен фунтқа қатысты аздап нығайды.

Венесуэланың 4 млрд долларлық алтыны Лондоннан Нью-Йоркке көшірілуі мүмкін

АҚШ-тың арағайындығымен келіссөз жүргізіп жатқан Венесуэланың уақытша үкіметі мен оппозициясы елдің 31 тонна алтын қорын Лондоннан Нью-Йоркке көшіру жөнінде уағдаласуға жақын. Алтынның жалпы құны шамамен 4 млрд доллар. Бұл туралы Financial Times (FT) дереккөздеріне сүйеніп жазды.