Евразия24Не болдыФутбол жарысына барған балалар ауруханадан бір-ақ шықты

Футбол жарысына барған балалар ауруханадан бір-ақ шықты

|

|

Ташкентте өткен Dostlik Cup 2026 халықаралық футбол фестиваліне қатысқан қазақстандық балалар, жаттықтырушы және бір топ ата-ана қонақүйде таңғы ас ішкеннен кейін жаппай уланып қалды.

«Ташкентте өтіп жатқан Dostlik Cup 2026 халықаралық футбол фестиваліне қатысушылардың бірнешеуі өзін жайсыз сезініп, ауруханаға жеткізілді. Ата-аналар балалардың жаппай сырқаттануына қонақүйдегі тағам сапасы себеп болуы мүмкін деп күдіктенеді. Жарысқа ұлымен бірге барған аналардың бірінің айтуынша, алғашқы балалар 30 қазанда таңғы астан кейін ауыра бастаған», – деп Kazinform агенттігі хабарлады.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі жағдайды бақылауда ұстап отыр.

Ақпарат агенттігі Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасап хабарлағандай, Ташкентке 60 бала, 32 ата-ана және төрт жаттықтырушы барған.

«Қазір Ташкенттегі жұқпалы аурулар ауруханасында 28 адам ем қабылдап жатыр. Олардың 16-сы – бала, біреуі – жаттықтырушы, қалған 11-і – ата-ана. Барлығы бір қонақүйде тұрып, сол жерде тамақтанған», – делінген хабарламада.

«Қазір Ташкенттегі жұқпалы аурулар ауруханасында 28 адам жатыр. Олардың 16-сы – бала, біреуі – жаттықтырушы, 11-і – ата-ана. Барлығы бір қонақүйде тұрып, сол жерде тамақтанған», – делінген жарияланымда.

Жағдайы жақсарған жас футболшылар мен олардың ата-аналары Қазақстанға оралып жатыр. 2 қарашадағы мәлімет бойынша, Ташкент ауруханаларында 11 бала мен үш ата-ана дәрігерлердің бақылауында қалған.

Материал әзірленген кезде ашық дереккөздерде Өзбекстанның мемлекеттік органдары жаппай улану оқиғасына қатысты тергеу жүргізіп жатқаны жөнінде ешқандай ақпарат болған жоқ. Әлеуметтік желілерде зертханалық тексерулер жүргізіліп жатқаны ғана талқыланғанымен, олардың нәтижелері әлі жарияланбаған.

Jas Batir, Nomad Akademiya және Skaut футбол мектептерінің Ташкентке сапары жеке адамдардың бастамасымен ұйымдастырылып, барлық шығын жеке қаражат есебінен өтелген. Демек, сәтсіз аяқталған бұл сапарға бюджет қаржысының жұмсалуына қатысты мәселе жоқ. Алайда жас спортшылардың қонақүйге орналасуы мен тамақтануын ұйымдастыруға байланысты сұрақтар туындайды. Қазақстандықтар тоқтаған қонақүйде мұндай жағдай алғаш рет тіркелсе, мәселе бір басқа. Ал бұған дейін де осындай оқиғалар болған болса ше?

Біздіңше, мұндай жағдай Қазақстанның кез келген қаласында, әсіресе елордада болғанда, қонақүйдің жұмысы әлдеқашан уақытша тоқтатылып, тиісті тексеру басталып, алғашқы нәтижелері де белгілі болар еді. Өйткені мұндай мәселелерде Қазақстанның санитариялық-эпидемиологиялық қызметі қашанда қырағылық танытады.

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласының экспорты 33 пайыздан астам өсті

Қазақстанның аграрлық экспортындағы өңделген өнімдердің үлесі 54 пайыздан асты. Елімізде қосылған құны жоғары ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын ұлғайту бағытында жүйелі жұмыс жүргізіліп келеді. 2026 жылдың алғашқы сегіз айында агроөнеркәсіп кешенінің өңделген өнімдер экспорты 3,04 млрд АҚШ долларына жетті.

Кредит беру тәртібі қатаң бақылауға алынады

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) екінші деңгейдегі банктердің қарыз алушыларға қатысты борыш жүктемесінің коэффициентін (БЖК) дұрыс есептеуін тексеруге арналған Debt Service Review (DSR) тұрақты қадағалау рәсімін іске қосады.

Триллиондаған қаржы бөлінсе де, жол сапасы неге түзелмейді?

Президент 28 қазандағы Жолдауында жол құрылысы саласын қатаң сынаған еді. Арада көп уақыт өтпей, жол саласына жауапты мекемелер асфальттың мерзімінен бұрын бүлінуіне ауыр жүк көліктері кінәлі екенін алға тартты. «ҚазАвтоЖол» басқарма төрағасы Дархан Иманашев аса ауыр техниканың жалпы пайдаланымдағы жолдарға шығуын шектеуді ұсынды. Бұл ұсыныс Мемлекет басшысының құрылыс сапасына қатысты жауапкершілікті өзгелерге ысыруды тоқтату жөніндегі талабынан кейін бірден айтылды. Ал 2 қарашада Бас прокуратура алдын ала есеп бойынша 8 млрд теңгеден астам шығын келтірілген 33 іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады. Тексеру барысында мемлекеттік тапсырыс берушілердің мердігерлер кепілдік берген жолдарды жөндеуге қайтадан тендер жариялағаны анықталды. Ендеше Қазақстандағы жолдардың мерзімінен бұрын бүлінуіне шын мәнінде не себеп болып отырғанын және оған кім жауапты екенін қарастырайық.

Путиннің орнына тағы бір Путин келеді

«Батыс Украинаны қолдаудан бас тартса, не болады?»   Ресейлік тарихшы, саясаткер, қоғам қайраткері әрі «Савромат» шығармашылық лақапатымен танымал видеоблогердің кезекті бейнематериалы осылай аталады.