Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхайда Таиланд Премьер-министрі Анутин Чарнвиракулмен кездесіп, екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыруды ұсынды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұма күні Шанхайда өткен Жасанды интеллект жөніндегі дүниежүзілік конференцияда сөз сөйлеп, «Қазақстан – Қытай цифрлық көпірі» бастамасын іске қосуды ұсынды.
Бұған дейін Eurasia24 Әділет вице-министрі Даниель Ваисовқа сілтеме жасай отырып, Қашаған кен орнын игеруші компания 20 шілдеге дейін экологиялық айыппұлды төлемесе, мемлекет атқарушылық іс жүргізуді бастайтынын хабарлаған болатын. «Қашаған акционерлерімен арадағы дау – экологияға қатысты инвестициялық дау.
Өткен аптада Премьер-Министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысына биылғы қаңтар–маусым айларындағы елдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы есеп ұсынды. Алайда баяндамадағы оң көрсеткіштердің тасасында Үкімет жария етуге асықпайтын бірқатар үрдістер қалып қойды. Сондықтан бұл есеп Премьер-Министрдің саяси қызметіндегі соңғы есептердің бірі болуы да ғажап емес…
Петропавлда ауыр қылмыс жасағаны үшін 25 жыл бас бостандығынан айырылып, екі жыл бұрын ғана бостандыққа шыққан ер адамға қатысты жаңа қылмыстық оқиға тіркелді.
Судан Қарулы күштерінің қолбасшылығы Эфиопиядағы қарулы оппозициялық топтарға қолдау көрсетіп отыр деген айыптауды негізсіз деп мәлімдеді, деп хабарлайды дүйсенбі күні «Анадолу» агенттігі.
Тегеран атом энергетикасына қатысты мәселелерде АҚШ-қа жол беруге дайын емес және бітім жөніндегі келіссөзді қайта бастау үшін өзінің ядролық бағдарламасын талқылауды жоспарлап отырған жоқ.
Қыркүйек аяқталып келеді. Қазан айынан бастап Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлерінде жылыту маусымы басталады. Айдың ортасы мен соңына қарай үлкенді-кішілі қалалардағы жылу электр орталықтары, қазандықтар мен жылу желілері түгел қысқы жұмыс тәртібіне көшуі тиіс.
Өткен жылыту маусымы, тіл-көзден сақтасын, ірі апатсыз өтті. Биыл жағдай қалай болмақ? Қыстың қақаған аязында жылусыз қалдыратын ірі апаттар мен ұзақ үзілістер болмайды деп үміттенеміз. Оның үстіне электр энергетикасы мен коммуналдық секторларды жаңғыртуға арналған МЭКС ұлттық жобасы іске қосылып, жұмыс біртіндеп қарқын алып келеді. Бірақ әзірге атқарылған істің көлемі қажетті меженің төрттен біріне де жетпейді.
2025–2029 жылдары жобаға бюджеттен тыс 13,6 трлн теңге, яғни жеке инвестиция тартылуы тиіс. Оның басым бөлігі шетелдік капитал есебінен келеді деп жоспарланған. Бұған қоса, жеке инвесторлар тартатын қарыздардың пайыздық мөлшерлемесін субсидиялауға бюджеттен тағы 1,5 трлн теңге қарастырылған.