Бұл жаңалық алғашында жағымды әсер қалдырғанымен, Ұлттық экономика министрлігі өзіне тиімді көрсеткішке – халықтың нақты табысының бір жыл ішінде 0,1%-ға артқанына көбірек мән берген. Ал нақты жалақы индексінің 97,7% болғаны назардан тыс қалған.
Елімізге танымал тұлғалардың қоғамдағы мінез-құлқына қатысты жағымсыз жағдайлар әлі де кездеседі. Жуырда бокстан Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов Астана көшелерінде мас күйінде көлік басқарғаны үшін жауапкершілікке тартылды.
Алдағы Құрылтай сайлауына қатысатын саяси партиялардың ішінде ең көп кандидат ұсынған – «Әділет» партиясы. Партиялық тізімге барлығы 186 үміткер енгізілді. Amanat партиясымен бірігу нәтижесінде «Әділеттің» құрамына VIII шақырылымдағы Мәжілістің көптеген депутаттары өтті.
Ормуз бұғазын бақылау Иран үшін ядролық қаруға ие болудан да маңызды стратегиялық артықшылық. Мұндай пікірді Иран Жоғарғы көшбасшысының әскери мәселелер жөніндегі кеңесшісі Мохсен Резаи білдірді.
Қытай билігі «Бави» тайфунының жақындауына байланысты 2,4 миллионнан астам тұрғынды қауіпсіз жерге көшірді. South China Morning Post басылымының хабарлауынша, тайфун жексенбіге қараған түні елдің шығысындағы Тайчжоу қалалық округіне жеткен.
Иранның экономикалық қауіпсіздігіне кепілдік берілмесе, Таяу Шығыстағы бірде-бір ел мұнай экспорттай алмайды. Бұл туралы сейсенбі күні Иран парламентінің спикері Мохаммад Багер Галибаф мәлімдеді.
Ислам революциясы сақшылар корпусы (ИРСК) АҚШ азаматтарына хат жолдап, онда Тегеранның өңірдегі жағдайға қатысты көзқарасын түсіндіруге ниетті. Бұл туралы сейсенбі күні ИРСК бригада генералы Хосейн Мохеби мәлімдеді.