Германия билігі Еуроодақ экономикасының стратегиялық маңызы бар салаларының Қытайға тәуелділігін азайтуға бағытталған бірқатар шара әзірлеп жатыр. Бұл туралы Bloomberg дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады.
Дүйсенбіде Еуропаның негізгі қор индекстерінің басым бөлігі төмендеп жатыр. Тек Ұлыбритания нарығында өсім байқалды.
Өңірдегі ірі компанияларды қамтитын Stoxx Europe 600 индексі Мәскеу уақытымен 12:49-да 0,3%-ға төмендеп, 637,19 тармақ болды.
Иран Ислам революциясы сақшылар корпусының (ИРСК) «Кудс» арнайы жасағы командирлерінің бірі, қаржы мәселелеріне жауапты Абдула Реза Шахлаи хуситтердің Йеменнің батыс жағалауындағы шабуылын ұйымдастыруға тікелей қатысқан. Бұл туралы The National дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады.
Йемендегі «Ансар Аллах» қозғалысы (хуситтер) Сауд Арабиясының оңтүстік-батысындағы Король Халид атындағы әскери әуе базасына ауқымды шабуыл жасағанын мәлімдеді.
«Қазақстанда дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды тікелей өндірушілерден сатып алу тәжірибесі кеңейіп келеді. Соның нәтижесінде 2026 жылғы сатып алу науқаны барысында жалпы 70 млрд теңге үнемделді.
Қазақстанда әдеп пен адамгершілікке қойылатын талап біртіндеп күшейіп келеді. Құрылтайға «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне онлайн-платформалар және бұқаралық ақпарат құралдары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қызықты заң жобасы түсті. Заң шығарушылар бейәдеп сөздерді көшеден ғана емес, цифрлық кеңістіктен де – ресми интернет-басылымдардан бастап әлеуметтік желілердегі жеке парақшаларға дейін – аластауды көздеп отыр. Алайда депутаттарды алда мұндай қатаң цензураның қаншалықты негізді екені жөніндегі қызу пікірталас қана емес, одан да маңызды мәселенің шешімі күтіп тұр. Қазақстан жағдайында былапыт сөз деп нені түсінеміз? Өйткені қолданыстағы заңнамада қандай сөздер мен тіркестердің былапыт сөзге жататынын нақты айқындайтын жеке анықтама жоқ.
21 қыркүйекте БАҚ-та жылан шаққан балаға дәрігерлер көмектесе алмай жатыр деген ақпарат тарады.
«АЛМАТЫ, біздің қалада сұржылан шаққанда салатын бірде-бір сарысу жоқ екенін білесіздер ме?? Достарымыздың баласын жылан шағып алды.
G7 елдерінің сыртқы істер министрлері мен Еуропалық одақтың сыртқы істер жөніндегі жоғары өкілі сейсенбі күні Қызыл теңіз бен Баб-эль-Мандеб бұғазындағы еркін кеме қатынасы мен теңіздегі қауіпсіздікке төнген қатерлерді айыптайтын мәлімдеме қабылдады.