күн инсоляциясының бір уақыттағы жоғары шегіне байланысты ортақ мәселенің туындауы Орталық Азия елдерін алшақтатпайды, керісінше, бірыңғай, үйлестірілген энергетикалық сақина құруға итермелейді.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев криптоактивтерді мүлік ретінде заң жүзінде тануды және Алатауда цифрлық активтермен жасалатын операциялар мен капитал өсіміне нөлдік мөлшерлеме қолданылатын арнайы юрисдикция құруды ұсынды. Оның айтуынша, бұл елдің жаңа қаржы орталығын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алатау қаласын дамытудың орнықты қаржылық-экономикалық моделін әзірлеу қажеттігін мәлімдеп, жобаны іске асыруға кететін жоғары шығындар мен болашақ кірістердің белгісіздігіне байланысты тәуекелдер бар екенін атап өтті.
Алматы облысындағы жаңа Алатау қаласын құру туралы шешім ел үшін экономикалық тұрғыдан күрделі кезеңде қабылданғанымен, ол жан-жақты әрі мұқият ойластырылғанын мәлімдеді Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов Қытайдың Гонконг арнайы әкімшілік ауданы әкімшілігінің басшысы Джон Лимен сауда және жүк тасымалы салаларындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
Эфиопияның үкіметті қолдайтын күштері Тыграй өңірінің әкімшілік орталығы Мэкэле қаласының маңындағы негізгі әуежайға бақылауды қалпына келтіргенін мәлімдеді.
Осы аптаның басында Дубайдан Тель-Авивке ұшқан рейс кезінде ұшақты басып алуға әрекет жасаған Flydubai әуе компаниясының екінші ұшқышы әуе кемесінің командиріне апаттық балтамен шабуыл жасаған.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасының Ұлттық күніне орай Президент Ли Чжэ Мёнға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.
Бүгінде республика бойынша Жамбыл облысы мен Тараз қаласы көлік жүргізушілерінің жаяу жүргіншілерді елемейтіндігіне қатысты азаматтар тарапынан шағымдар жиі айтылып жүргені жасырын емес. Енді бұл бассыздыққа шектеу қойылмақ! Өйткені Жамбыл облысының кей өңірлері мен Тараз қаласында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында маңызды цифровизациялық қадам жасалды: өңірдегі Sergek аппараттық-бағдарламалық кешендері жаяу жүргіншіге жол бермеу деректерін автоматты түрде тіркеу функциясын іске қосты.