Евразия24ЖаңалықтарТоқаев: Алатау қаласын құру туралы шешім күрделі жағдайда қабылданды, бірақ жан-жақты ойластырылды

Тоқаев: Алатау қаласын құру туралы шешім күрделі жағдайда қабылданды, бірақ жан-жақты ойластырылды

|

|

Астана. 2 маусым. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Алматы облысындағы жаңа Алатау қаласын құру туралы шешім ел үшін экономикалық тұрғыдан күрделі кезеңде қабылданғанымен, ол жан-жақты әрі мұқият ойластырылғанын мәлімдеді Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

«Өздеріңізге белгілі, Алатау атты жаңа қаланы құру туралы шешім еліміз үшін күрделі экономикалық жағдайда қабылданды. Соған қарамастан бұл – жан-жақты ойластырылған шешім болды. Alatau City – шын мәнінде жан-жақты пысықталған әрі мұқият сараланған жоба», – деді Президент сейсенбі күні қаланы дамыту жөніндегі кеңесте.

Мемлекет басшысы әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, болашақ қалалары елдердің дамуын сапалық тұрғыдан жаңа деңгейге көтеруге қабілетті екенін атап өтті.

«Бұған Дубай, Шэньчжэнь, Инчхон және басқа да көптеген қалалар жақсы мысал бола алады. Сондықтан Alatau City жобасына артылатын үміт те зор», – деді Тоқаев.

Оның айтуынша, бұл мақсатқа жету үшін ең алдымен құқықтық, жер және инфрақұрылымдық мәселелерді шешу қажет.

Алатау қаласы 2024 жылдың қаңтарында Мемлекет басшысының жарлығымен құрылды. Қаланың бас жоспары сингапурлық Surbana Jurong компаниясымен бірлесіп әзірленген. 2025 жылдың қыркүйегінде Президент Алатауға арнайы мәртебе беру туралы жарлыққа қол қойған болатын.

Жоспарға сәйкес, «Alatau City» өңірдегі алғашқы толық цифрлық қалаға айналмақ. Мұнда smart city технологиялары енгізіліп, тауарлар мен қызметтердің ақысын криптовалюта арқылы төлеу мүмкіндігі қарастырылады.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан екінші АЭС құрылысы жөнінде Қытаймен келіссөз жүргізіп жатыр – Энергетика министрі

Қазақстан Қытайдың ұлттық атом компаниясымен елдегі екінші атом электр станциясын салу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады.

Путин Ресейдің өзге елдермен ынтымақтасуға мүдделі екенін, ешкімге қоқан-лоқы көрсетпейтінін айтты

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей өзге елдерге бұрын да қоқан-лоқы көрсетпеген, қазір де көрсетіп отырған жоқ. Ол елінің басқа мемлекеттермен ынтымақ орнатуға мүдделі екенін айтты.

Литва мен Германия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Литва қорғаныс министрі Робертас Каунас пен Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Берлинде қорғаныс саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

АҚШ-тағы сайлау нәтижесі Вашингтон мен Брюссельдің қарым-қатынасын өзгерте ме?

АҚШ-тағы аралық сайлауда Республикалық партияның жеңілуі Вашингтон мен Еуроодақ арасындағы қатынас өздігінен жақсарады деген сөз емес. Бұл туралы сәрсенбі күні Bloomberg агенттігі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.