eOtinish платформасы – мемлекет пен азаматтар арасындағы цифрлық өзара іс-қимылдың негізгі құралы ретінде қазақстандықтар арасында танымал бола түсті. 2025 жылдың қорытындысы бойынша жүйе арқылы 5 миллионнан астам өтініш қабылданған.
Жақып Хайрушевтің пікірін толық оқуға кеңес береміз. Өз тарапымыздан қосарымыз: «Энергетикада уақыт әрдайым ақшаға айналады». Бұл – теория емес, тәжірибеде дәлелденген ақиқат.
Bloomberg ақпарат агенттігі Дональд Трамп бастамасымен құрылып жатқан «Бейбітшілік кеңесіне» шақырылған елдердің тізімін жариялады. Бұл тізім дереккөздер мен әлеуметтік желідегі мәліметтерге сүйене отырып жасалған. Оған 49 мемлекет енген.
Қазақстан қор биржасында (KASE) өткен бейсенбідегі сауда нәтижелері бойынша теңгенің АҚШ долларына қатысты орташа өлшенген бағамы сәрсенбімен салыстырғанда 0,2%-ға (0,99 теңгеге) нығайып, 1 доллар үшін 505,71 теңгені құрады, деп хабарлады KASE.
АҚШ президенті Дональд Трамп Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Бейбітшілік кеңесін құру жөніндегі бастамасына қолдау білдіргені үшін алғыс айтты, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай.
«Азиатский экспресс» хабарлайды: Орталық Азия елдері АҚШ-та өткен минералдар жөніндегі конференцияға қатысты. Іс-шара Вашингтон қаласында АҚШ үкіметінің бастамасымен ұйымдастырылып, оған Қазақстан мен Өзбекстанның министрлері, сондай-ақ 50-ден астам елдің делегация өкілдері қатысты.
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы хабарлайды: Алматы қаласының прокуратурасы қала прокуроры Серік Қаріпбековтің және Yandex Qazaqstan компаниясының басшысы Тимур Шалекеновтің қатысуымен алимент төлеуден жалтаруға қарсы іс-қимыл және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, 2026 жылы ел аумағында резервтегі 850-ден астам офицерді әскери қызметке шақыру жоспарланып отыр. Бұл шешім қолданыстағы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» заң аясында қабылданып, Қарулы Күштердің жауынгерлік қабілетін арттыруға және кәсіби даярланған әскери резервті нығайтуға бағытталған.
Қолданыстағы Конституцияға сәйкес, Президент Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын арнайды. Бұл тұжырым маңызды символикалық әрі саяси мәнге ие болғанымен, институционалдық жауапкершілік тұрғысынан алғанда белгілі бір шектеулерге ие.
Сонымен қатар, конституция бойынша мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы — халық. Бұл халықтың сайлау мен референдумдар арқылы билік органдарына өкілеттік беретінін, сол арқылы бүкіл мемлекеттік басқару жүйесінің заңдылығын қалыптастыратынын білдіреді.