Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Венгриядағы парламенттік сайлауда жеңіске жеткен Петер Мадьярды құттықтады, деп хабарлады сейсенбі күні Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.
Қазақстанда әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды (ӘКК) реформалау жоспарланып отыр. Оларды қайта құру мәселелері Үкіметтегі кеңесте қаралды, деп хабарлады Премьер-министрдің баспасөз қызметі.
Корея Еңбек партиясы Орталық комитетінің бөлім меңгерушісі әрі КХДР басшысы Ким Чен Ынның қарындасы Ким Ё Чжон Пхеньянның Оңтүстік Корея ұсынған гуманитарлық медициналық көмекті қабылдамайтынын тағы да мәлімдеді.
Эстонияда орналасқан британдық әскери контингент 250 шақырымнан астам қашықтыққа ұшатын Nyan ұшқышсыз жүйелерін қару-жарақ құрамына енгізді. Бұл одақтас күштердің алыс қашықтықтағы нысандарға соққы беру мүмкіндігін кеңейтеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Қытайда өндірілетін, мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау мен пайдалануға арналған жіксіз болат құбырларға қатысты демпингке қарсы шаралардың мерзімін тағы бес жылға ұзартты.
Ақтөбе облысының Қарғалы ауданында мас күйінде көлік жүргізгені үшін сотталған азамат полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторынан қашуға әрекеттенді. Ол изолятордан шығып үлгергенімен, бостандықта ұзақ жүре алмады – сол күні-ақ ұсталды.