Токио. 24 қыркүйек. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі қор нарықтары сәрсенбі күні біркелкі емес динамика көрсетіп отыр. Жапонияның Nikkei 225 индексі Мәскеу уақыты бойынша...
Беларусь Республикасының Мемлекеттік бақылау комитетіне қарасты Қаржылық мониторинг департаментінің директоры Дмитрий Захаров бастаған делегация Қазақстан Республикасына жұмыс сапарымен келді. Кездесу барысында тараптар криптовалюта операцияларын мониторингтеу мен талдау тәжірибесін, өзекті тәуекелдерді және оларды төмендету шараларын, сондай-ақ аталған саланы реттеу мәселелерін талқылады. Қаржылық барлау қызметтері арасындағы халықаралық ынтымақтастықтың, оның ішінде жедел ақпарат алмасу, бірлескен талдау жүргізу және күш-жігерді үйлестірудің маңызды рөлі ерекше атап өтілді.
Шын мәнінде, бұл – менің арманым. Қазақстан үшін бұл – ең жоғары деңгейдегі жетістік болар еді. Қан төгісті тоқтату... Бұл – еліміз үшін ғана емес, Мемлекет басшысының дипломатиялық мансабындағы үлкен белес болмақ. Барлық тараптарды Астанада бір үстелге жинап, бейбітшілік процесінің белсенді қатысушысы атану – бұл өте маңызды. Бейбіт келіссөздер үдерісі ұзаққа созылуы мүмкін. Кейбір форматтар тез нәтиже беруі ықтимал, ал кейбірі ондаған жылдарға созылуы ғажап емес. Мұндай тәжірибені көріп те жүрміз.
Зерттеу Қазақстан армасындағы жағдайға қатысты қоғам көзқарасын анықтауға бағытталған. Сауалнамаға қатысушылар еліміздің Қарулы күштеріндегі ең өзекті мәселелерді атап өтті. Атап айтқанда, респонденттердің 37,8%-ы әскердегі әлімжеттік пен бейресми қатынастардың жоғары деңгейін басты мәселе ретінде көрсетсе, 34,9%-ы — сыбайлас жемқорлықтың кең таралуын, 30,9%-ы — материалдық-техникалық базаның ескіруін маңызды мәселе деп бағалаған. Сарапшылардың пікірінше, әлімжеттік – азаматтардың әскери борышын өтеуге ынтасы мен дайындығына тікелей әсер ететін негізгі факторлардың бірі болуы мүмкін.
Астана, 23 қыркүйек. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясы сессиясының аясында Нью-Йоркте Бразилияның Embraer әуе өнеркәсібі компаниясының президенті Франсиско Гомес Неттомен кездесті. Бұл...
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер заманауи технологияларға бейімделуі тиіс, оның ішінде кедендік әкімшілендіру, логистика, өнеркәсіп және агроөнеркәсіп кешенінде жасанды интеллектті қолдану маңызды.
Жұма күні Шымкент қаласында Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустин қатысып отырған Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысы басталды.
Қазақстан Парламенті (Мәжіліс пен Сенат) жұма күні өткен бірлескен отырыста «Алатау қаласының арнайы құқықтық режимі туралы» конституциялық заңды екінші оқылымда қарап, қабылдады.
Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов Еуразиялық үкіметаралық кеңестің (ЕҮК) шағын құрамдағы отырысында ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің сыртқы сауда мәселелерін және жасанды интеллектті дамыту бастамасын талқылауды ұсынды.