Швеция Қорғаныс министрлігі Saab және BAE Systems компанияларынан жалпы құны 8,7 млрд швед кронына (914 млн доллар) әуе шабуылына қарсы қорғаныс және дрондарға қарсы жүйелер сатып алатынын мәлімдеді.
Қазақстан Парламентінің Сенаты бейсенбі күні өткен жалпы отырыста Перу Республикасымен қылмыстық-құқықтық саладағы үш келісімді ратификациялау туралы заңдарды мақұлдады.
Қазақстанның Қытайда өткен салалық форумға қатысуының өзі экспортты дамыту жұмыстарының декларативті деңгейде емес, өнімді іріктеу мен ілгерілетуге арналған тиімді алаңдар арқылы жүйелі түрде жүргізіліп отырғанын көрсетеді. Бұл неге маңызды?
Мұндай заңсыздықтар тек Ұлттық қор ақшасымен ғана шектелмейді. Кез келген ведомствоға қатысты ЖАП есебін ашып қарасаңыз, ұқсас бұзушылықтар міндетті түрде кездеседі. Демек, бақылаушы органның бар болғанына қарамастан, жүйелі қателіктер қайталанып отыр.
Біз Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі мен оның қарамағындағы Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты тарапынан жол сапасын арттыру бағытында жүргізіліп жатқан жүйелі жұмысты құптаймыз. Алайда мәселе тек заманауи технологиялардың жетіспеушілігінде емес, одан да өзекті проблема — жол құрылысы барысындағы сыбайлас жемқорлық.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2027–2030 жылдарға арналған ТМД-ның ірі индустриялық-технологиялық жобалар топтамасын қалыптастыруды ұсынды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
ТМД мемлекеттерінің басшылары Авазада өткен саммитте Достастықтың құрылғанына 35 жыл толуына орай бірлескен мәлімдемеге қол қойды. Бұл туралы жұма күні Түрікменстан Мемлекеттік телерадио хабарларын тарату комитетінің жаңалықтар порталы хабарлады.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысу үшін Түрікменстандағы «Аваза» ұлттық кешеніне келді. Бұл туралы жұма күні Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.